Жыл қорытындысы: вакциналардан не «табылды»
«Вакцина» сөзі 2021 жылы көп қолданылды. COVID-19-ға қарсы вакцинация науқанын талқыламаған адам жоқ шығар, ал StopFake.kz осы тақырыптағы талай фейкті жоққа шығарды. Жылды қорытындылай келе, біз әлеуметтік желі пайдаланушылары вакцинадан «тапқан» заттар туралы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік. Кейде бұл «олжалар» әдеттен тыс және ерекше болды.
Айта кетейік, COVID-19 қарсы Moderna, Janssen және «Спутник-V» вакциналарының ересектерге арналған бір дозасы 0,5 мл және Pfizer/BioNTech препараты жасөспірімдер мен ересектер үшін 0,2 мл-ден басталады.
Әрбір вакцина бір белсенді және бірнеше көмекші компоненттен тұрады. COVID-19 алдын алуға арналған дәрі-дәрмектің толық құрамы құпия емес және желіде жарияланған, олармен кез келген адам таныса алатын.
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
Вакцинация науқаны кезеңінде бірде-бір беделді ғалым вакциналардан құрамы жарияланғанда көрсетілмеген компоненттердің барын анықтап, дәлелдеген жоқ.
Дегенмен, желі қолданушылары құпия ингредиенттерді ұдайы «тауып» отырды. Олардың ішіндегі ерекше дегендеріне тоқталайық.
1. Тірі гидра
Мұндай жаңалықты АҚШ-та әйгілі covid-диссидент және вакцинацияға қарсы әйел Кэрри Мадей жасады. Ол микроскоппен Moderna вакцинасы бар құтыда гидраның пайда болғанын өз көзімен көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, процесс кезінде түрлі-түсті реңктермен жарық жарқылдайды. Бірақ ол өз сөздері мен шығу тегі белгісіз суреттерден басқа ешқандай дәлелдер келтіре алмады.
2. Иттердің қаны мен аламандардың бүйректері
Бұл ақпаратты кез келген вакцинаға қарсы тұлға және «Ақ раушандар патшалығы» сектасының негізін қалаушы Жанна Цареградская таратты. Цареградская вакцинацияға қарсы адамдар арасында әлі де үлкен беделге ие болғанына қарамастан, олар өз «жаңалықтарына» ешқандай дәлел келтірген жоқ.
3. Маймылдың бүйрек жасушалары
Компоненттерінің бірі ретінде маймылдардың бүйрек жасушалары көрсетілген вакциналардың жалған құрамы ұсынылған фейк ақпарат осы жылдың қараша айында Қазнетте кеңінен тарады. Мұндай ингредиенттің әлемдегі бірде-бір вакцинаның құрамына кірмейтіні анық. Біз бұл туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
4. Жасанды сілекей
«Спутник-V» вакцинасының құрамына кіретін Трис (гидроксилметил) аминометан осылай аталады. Шын мәнінде, бұл жасанды сілекей емес. Бұл биохимия мен молекулалық биологияда кеңінен қолданылатын буферлік ерітінді. Химиялық құрылымы бойынша ол бастапқы амин болып табылады. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз:
Фейк: «КВИ қарсы вакциналарда маймылдың бүйрек жасушалары мен қауіпті химикаттар бар»
5. Қатерлі ісіктің әртүрлі түрлеріне бейімділігі бар ерлер ДНҚ
Бүгінгі таңда қолданылып жүрген COVID-19 қарсы вакциналар құрамында ешкімнің ДНҚ жоқ. Иммундау препараттарында адам ДНҚ-ның болуы туралы теорияны батыс факчекерлері бірнеше рет жоққа шығарды. Біз бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналарда мұндай ингредиент жоқ деп жазған болатынбыз.
6. «Люцифераза» құпия компоненті
Бұл фейкті 2020 жылы жоққа шығарғанымызға қарамастан, ол танымалдылығын жоғалтқан жоқ.
Алайда, бұл жолы люцифераза улы қасиеттерге және адамдарды бақылау қабілетіне ие деп айтылды. Бұл «жаңалықты» да әлемге әйгілі Кэрри Мадей ашқан. Бірақ оның бұған дейінгі мәлімдемелер секілді, ол вакциналарда люциферазаның болуын да, оның құпия қауіпті қасиеттерін де дәлелдей алмады. Шын мәнінде, люцифераза немесе люциферин – бұл биолюминесценцияға жауап беретін зат. Ол жәндіктердің ағзасында, терең теңіз тіршілік иелерінде және кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі.
7. Графен және оның туындылары
Биыл Қазнет қолданушылары вакциналардан графеннің өзін, оның оксиді мен гидроксидін «тапты», кейбіреулердің айтуынша, оның пішіні қан тамырларын ішінен кесетін микроскопиялық жүздер секілді. Бұл теориялар әртүрлі болғанымен, олардың барлығына ортақ нәрсе – оларды дәлелдеу мүмкін емес. Біз осындай бірнеше идеяны жоққа шығардық және олардың бірде-біреуінде шындық деп санайтындай негіз жоқ. Графен салыстырмалы түрде жаңа және өте қымбат материал екендігіне ерекше назар аударғанымыз жөн, әлемде оның жаппай өндірісі жоқ. Демек, барлық басқа нюанстарды ескермей, оны әлем бойынша өндірілетін миллиондаған вакциналарға қосу мүмкін емес.
8. Нанороботтар
Осы жылы қолданушылар вакциналардан операциялық жүйені тікелей мида орната алатын кең мүмкіндіктерге ие түрлі нанороботтар анықтады. Кейбір «жаңалықтар» вакциналарды микроскоппен зерттеу кезінде түсірілген бейнероликтермен дәлелденді. Алайда олардың ешқайсысы тексеруден өткен жоқ. Таратылған роликтердің вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ немесе компьютерлік графиканың көмегімен жасалғаны белгілі болды.
9. Чиптер
Вакцинация түрінде адамдарды чиптеу теориясы 1980 жылдары пайда болды және осы күнге дейін танымал. Сол кезде де бұл теорияның дәлелі болмаған, қазір де жоқ. Өйткені, кез келген ақпаратты салыстырмалы түрде көп көлемде алуға, өңдеуге, сақтауға және таратуға қабілетті және ағзада қуатсыз жұмыс істей алатын ұсақ чиптер жоқ.
10. Ауыр металдар
Вакциналарда ауыр металдар бар деген теория бұрын пайда болған, бірақ COVID-19 пандемиясы басталғнда қайта тарала бастады. Биыл Қазнет пайдаланушылары мұндай компоненттер егілген адамдарды бақылауға және оларды арнайы құрылғылардың көмегімен көпшілік арасында анықтауға мүмкідік беретінін мәлімдеді. Шындығында, КВИ қарсы вакциналарда мұндай ештеңе жоқ. Егілген адам екпе салдырмаған адамнан SARS-CoV-2 антиденелердің болуымен ерекшеленеді, оны байқау мүмкін емес.
11. У
Биыл COVID-19 қарсы вакциналардан удың бірнеше түрі «табылды». Қолданушылардың айтуынша, олардың кейбірі Германияда шығарылған, басқалары қарапайым халық арасында «мәйіттік у» ретінде белгілі. Бақытымызға орай, вакциналарда бұлардың ешқайсысы жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл фейктерді жоққа шығару туралы толығырақ мына жерден оқуға болады/
12. SM-102 улы заты
Бұл затқа деген қызығушылық осы жылдың мамыр айында артты. Вакцинацияға қарсы адамдар барынша көп адамды өз сөздерінің дұрыстығына сендіру және оларды вакциналардың қауіпсіздігіне күдік келтіруге итермелеу үшін «Википедиядағы» парақшаны қайта жазған. Бірақ «SM-102» туралы фейк ақпарат ұсынылған парақша бірден жойылды. Бұл жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Кейіннен вакцинацияға қарсы адамдар бұл зат иммундауға арналған дәрі-дәрмектің құрамында бар деп мәлімдеді, алайда олар бұл зат адамдарды бақылау мүмкіндігіне ие деп оны люциферазамен шатастыра бастады. Люцифераза жайлы біз бұған дейін жазған болатынбыз.
13. Формальдегид
Балаларға арналған COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында ғана формальдегид бар деп айтылуда. Біріншіден, оларда формальдегид жоқ, екіншіден, балалар мен ересектерге арналған вакциналар құрамы жағынан бірдей және тек белсенді заттың концентрациясы мен доза көлемімен ғана ерекшеленеді.
Бұл Казнет қолданушылары 2021 жылы вакциналар құрамынан «тапқан» ең қызықты компоненттер. Мұндай ақпараттарды тексеру қиын емес. Желіде ресми ресурстарда, мемлекеттік порталдарда және біз мәтіндерімізде үнемі сілтеме жасайтын рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған COVID-19 қарсы вакциналар туралы ақпарат жеткілікті. Ресми ақпаратқа ғана сеніп, арандатушылыққа бой алдырмаңыздар.
Алдағы 2022 жылы денің сау болсын, бақытты болыңыздар! StopFake.kz