Фейк: «Вакциналар құрамында SM-102 – ішкі ағзаларды зақымдайтын және қатерлі ісік тудыратын улы зат бар»
What ‘ sApp мессенджерінде COVID-19 қарсы вакциналардың құрамына кіретін өте улы және қауіпті зат туралы бейнеролик таратылуда. Бұған дәлел ретінде автор Moderna өндірген препараттың құрамын келтіреді, онда SM-102 ингредиенті, содан кейін бұл зат ішкі ағзаларға әсер етуі мүмкін және барлық COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында бар деп жазылған Википедия парақшасын көрсетеді. Бұл жалған.
Бұл фейк осы жылдың 14 мамырында Желінің ағылшын тілді сегментінде шыққан және елімізде бірден тарап кетті. Бастапқыда SM-102 заттарының уыттылығының дәлелі ретінде ағылшын тілді пайдаланушылар химиялық заттарды жеткізумен айналысатын Cayman Chemical компаниясының сайтын көрсеткен.
Орыс тілді пайдаланушылар әлдеқайда асып түсті, олар 21 мамырда Cayman Chemical сайтынан алынған мәтіннің машиналық аудармасы бар Википедия парақшасын жасаған. SM-102 COVID-19-ға қарсы барлық вакциналардың құрамында бар екендігі туралы бөлігін өздері қосып жазғаны анық, өйткені бұл компонент басқа ешбір вакцинаның құрамында көрсетілмеген.
27 мамырда бұл парақша онлайн энциклопедия ережелеріне сәйкес жойылды.
Келесі күні, 28 мамырда SM-102 заты туралы парақша қайта жасалды. Бұл жолы онда мәтін болмаған, тек ішкі және сыртқы сілтемелерден ғана тұрған. Үш минуттан кейін оны өшіріп тастайды. ҚҮш минуттан кейін оны өшіріп тастайды. Ккйіннен түзетіп, қайта шығарады. Енді онда SM-102 қауіптілігі мен уыттылығы туралы ештеңе айтылмайды.
SM-102 – бұл липидті нанобөлшектер жасау үшін қолданылатын липид, олар мРНҚ-ны вакциналардан ағза жасушаларына тасымалдауға қызмет етеді. Бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
Фейк: «COVID-19 вакцинасының құрамында нанороботтар бар болғандықтан оны суықта сақтау керек»
Ағылшын тіліндегі қастандық теориясының жақтаушылары сүйенген Cayman Chemical компаниясы бұл липидтерді тек ғылыми мақсаттар үшін ғана жеткізеді. Бұл жағдайда SM-102 липидінің өзі, компания сайтында айтылғандай, хлороформда сақталады және жеткізіледі. Уыттылық және ішкі мүшелерді зақымдау қабілеті туралы ескертулер SM-102 емес, хлороформға қатысты. 19 мамырда компанияның ресми сайтында мұны растайтын баспасөз хабарламасы жарияланды.
Moderna өндірушісінің вакциналарының құрамында SM-102 липиді таза түрінде, хлороформсыз және басқа да улы қоспаларсыз қолданылады. Хлороформ препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың толық тізімінде көрсетілмеген.
Демек, COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамына кіретін өте улы зат туралы хабарламалар – бұл заттың сипаттамасын дұрыс түсіндірмеуге негізделген фейк. Липидтің қауіптілігін растайтын Википидиядан алынған мақала – жалған теорияның жоқ дәлелдерін жасауға және Желі пайдаланушылары арасында дүрбелең туғызу әрекеті.