Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналарда қатерлі ісіктің әртүрлі түрлеріне бейімділігі бар ерлердің ДНҚ бар»

Қазақстандық Telegram-чаттарда COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамы туралы жаңа теория тарады. Бұл жолы қолданушылар вакциналарда қатерлі ісіктің көптеген түрлеріне бейімділігі бар ер адамның ДНҚ-сы табылғаны туралы бейнероликпен бөлісуде. Бұл олай емес.

Скриншот из видео

COVID-19 қарсы вакциналарда адамның ДНҚ бар екендігі туралы теория өткен жылдың шілдесінде Желінің ағылшын тілді сегментінде тараған. Оны фактчекерлер және АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының өкілдері жоққа шығарды.
– ДНҚ вакциналарда белсенді компонент ретінде пайдаланылмайды, – деп хабарлады ведомство өкілдері USA TODAY басылымына.
Адамның ДНҚ-сы қазіргі кезде қолданылып жатқан Moderna және Pfizer-BioNTech сияқты вакциналардың да құрамында жоқ. Қазақстанда ниет білдірушілер Hayat-Vax, QazVac және «Спутник-V» препараттарымен егіледі. Олардың да құрамына адамның ДНҚ-сы кірмейді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні вакцина алу салдарынан онкологиялық аурулар дамиды деп пайымдауға болатындай деректер жоқ екенін атап өткеніміз жөн.
Демек, адам ДНҚ вакциналары туралы хабарлар расталмаған конспирологиялық теория.
Желі қолданушылары COVID-19 қарсы вакциналардың құрамына кірмейтін заттарды «бар» деп бұған дейін де жазған. Қазнетте графен, алюминий, АИТВ, люцифераз және вакциналар құрамынан табылған басқа да компоненттер туралы мифтер тараған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button