Fake News

Жалған: «СО санатындағы жұмыртқалар жарамсыз болып саналады»

Танымал Instagram аккаунттарының бірінде іріктелген жұмыртқалар жарамсыз болып саналады делінген. Құс фабрикаларының жұмысшылары оларды тастауға немесе дүкендерге ең төменгі бағамен тапсыруға мәжбүр. Тауықтар қартайғандықтан, мұндай жұмыртқаларда адамдарға пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер болмайды екен. Бұл ақпарат өтірік.

Жұмыртқаны таңбалау нені білдіреді? Мемлекеттік стандартқа сәйкес, жұмыртқалар тек салмағы бойынша ғана санаттарға бөлінеді. Басқа критерийлер ескерілмейді. Жұмыртқаның түрі әріппен, ал санаты санмен көрсетіледі. Санат неғұрлым жоғары болса, жұмыртқаның салмағы соғұрлым аз болады.

Үй шаруасында әйелдер аз қолданылатын  ең кішкентай және аса сатылмайтын жұмыртқа – С3. Оның салмағы кем дегенде 33 грамм. Екінші санат – кемінде 45 г, біріншісі – 55 г.

Енді СО санатына жататын жұмыртқаға тоқталайық. Мұндай жұмыртқаның біреуінің салмағы кем дегенде 65 г. Бұл ретте «О» әрпі «іріктелген» (отборный) дегенді білдіреді. СО санатындағы жұмыртқаларды жасы үлкен тауықтар салатыны рас. Жас тауықтардың жұмыртқалары дәмді әрі пайдалы деген пікір – миф.

Ресейдің Тамақтану, биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі федералды зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Наталья Денисованың айтуынша, санаттылық жұмыртқаның тағамдық құндылығына әсер етпейді. Яғни, үшінші санаттағы ең кішкентай жұмыртқаның тағамдық қасиеттері жоғары санаттағы немесе екі сарыуызы бар жұмыртқадан еш ерекшеленбейді. Тауық жұмыртқасын бөдененің немесе үйректің жұмыртқасымен салыстырған кезде де тағамдық жағынан аса айырмашылығы жоқ. Себебі табиғатынан жұмыртқа адам үшін емес, эмбрионды қоректендіруге арналған теңдестірілген өнім ретінде жаратылған. Демек, жұмыртқаның көлемі оның тағамдық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етпейді. Ең бастысы – құсқа қандай қорек берілетіні.

Жас тауықтың кішкентай жұмыртқа салатыны анық, жылдар өте келе олардың көлемі артады. Дегенмен, бұл тұрғыда «кәрілік» туралы айтпаған жөн. Жұмыртқа көлемінің айырмашылығы жылдарға емес, айларға байланысты. Сондай-ақ, көп тауық ұстайтын құс фабрикаларында қызметкерлер құстарды жасына қарай сұрыптамайтыны, олардың «үлкендеріне» басқа рацион қамтамасыз ете алмайды.

Демек, іріктелген жұмыртқалар үлкендеу болады және жарамсыз болып саналмайды. Жұмыртқаның тағамдық қасиеті тек тауықтарға берілетін қорекпен ғана анықталады. Ал құс фабрикаларында құстардың бәрі бірдей қоректенеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button