Fake News

Фейк: «Коронавирусқа қарсы вакциналарда адамдардың санасы мен эмоцияларын басқаруға болатын чиптер бар»

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінде жалпы вакцинацияның мақсаты коронавирустық пандемияны тоқтату емес, халықты толығымен чиптеу болып табылатыны айтылған. Роликтегі тезистерді талдайық.

COVID-19 пандемиясы жоқ. Вакцинация бірыңғай әлемдік үкімет құру үшін жүргізілуде.
Жаңа коронавирус пандемиясына әлем бойынша ауру жұқтырған 219 миллион және қайтыс болған 4,5 миллион адам (2021 жылғы 22 қыркүйектегі мәліметтер) дәлел болады. Бірыңғай әлемдік үкіметтің болуы – бұл қастандық теориясы.

Вакциналарда чиптер бар. Чиптелген халық бірыңғай жаһандық желіге қосылатын болады.
Бұл фейк Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтстің сөздерін дұрыс келтірмегендіктен шыққан болар.
Reddit платформасында пайдаланушылардың карантинге байланысты бизнестің қалай өзгеретіні туралы сұрақтарына жауап бере отырып, Гейтс былай деп жазған: «Ақыр соңында кімнің сауыққаны немесе тест тапсырғанын, не болмаса вакцина шыққан кезде оны кімнің алғанын көрсететін цифрлық сертификаттар пайда болуы мүмкін». Кейіннен бұл сөз Билл Гейтс «коронавируспен күресу» үшін «микрочиптерді» қолданады деп бұрмаланды.

Кейіннен қастандық теорияларын жақтаушылар чиптеуді вакцинациямен байланыстырды. Тері астына енгізуге болатын микрочиптер бар. Олар күріш дәнінен сәл үлкенірек — ені 2 мм және ұзындығы 12 мм, бұл микросхема салынған шыны капсула. Бірақ олардың вакциналарға ешқандай қатысы жоқ.

Бірінші кезеңде чиптер әр адамды белгілеп, оның орналасқан жерін бақылау үшін қажет.
Чип иесінің қозғалысын бақылау және бұл ақпаратты кез келген жерге жіберу үшін вакцинамен енгізілетін чиптер GPS трекерлерімен жабдықталуы тиіс. Бұл техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Илон Масктің компаниясы халықты бақылау және адамдардың санасы мен эмоциясын басқару үшін Жер бетіне 5G тарататын 1263 жерсерікті іске қосты.
5G көмегімен чиптерді басқару мүмкін емес. Микрочиптер өте кішкентай болғандықтан олардың қуат сыйымдылығы жеткіліксіз болады, сондай-ақ радиотолқын сигналын қабылдай алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button