Fake News

Фейк: «Спутник-V вакцинасының құрамында «Эльбрус» процессорынан басқарылатын сұйық кристалды чиптер бар»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар елімізде қолданылып жатқан «Спутник-V» вакцинасының құрамында Ресейде шығарылған «Эльбрус» процессорларымен бақыланатын сұйық кристалды чиптер бар екендігі туралы хабарламаны талқылауда. Бұл ғылымға қарсы және мүмкін емес. Оның себебі көп.

Біріншіден, сұйық кристалдар іс жүзінде сұйықтық емес. Олар тұтқыр затқа ұқсайды және атомдар, молекулалар немесе иондар ретпен орналасады. Сұйық кристалдар көп жерде қолданылады: ұялы телефон дисплейлерін, компьютер мониторларын, теледидар экрандарын, электрондық сағаттардың циферблаттарын және т.б. жасау үшін. Яғни сырттай қарағанда, сұйық кристалдарды жай судан немесе сұйқтықтан ажыратуға болады. Ал ампуладағы вакцина сұйықтық болып табылады.

Екіншіден, талқылауға негіз боғлан ресейлік «Эльбрус-16С» процессорын адамның қан айналым жүйесіне енгізу мүмкін емес. Мұның басты себебі – оның көлемі. Процессордың корпусының ені 63 мм және биіктігі 78 мм. Екінші себеп – бұл модель әлі жаппай өндіріске шығарылған жоқ. 2020 жылы күзде көпшілікке құрылғының тек инженерлік үлгісі ғана таныстырылды Жаңа процессорды әзірлеу жұмыстары биыл толығымен аяқталуы керек. Ал жаппай өндірісті бастау 2022 жылға белгіленген.

Үшіншіден, адамдарды вакциналар арқылы чиптеу – бұл бірнеше рет теріске шығарылған танымал қастандық теориясы.

Фейк: «Вакцина өндірушілер адамдарды чиптеп жатқандарын мойындады»

Бүгінде пациентке білдіртпей вакцинамен немесе басқа инъекциямен енгізуге болатын кішкентай және жұмыс істей алатын чиптер жоқ. Оның үстіне, адамдарды жаппай чиптеу және олардың әрқайсысының өмірі мен қозғалысын бақылау ойға қонымсыз нәрсе.
Демек, ресейлік процессормен басқарылатын сұйық кристалды чиптер теориясы фактілерге қайшы келетін және ешқандай дәлелдері жоқ миф болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button