Фейк: «Желіде жер үстінде күмбездің барын дәлелдейтін видео тарады»
Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандықтар Жер үстінде күмбездің бар екенін дәлелдейтін видеороликті талқылауда. Кадрларда не көрсетілген? Анықтайық.
Видеода көрсетілген эффект ерекше. Қыста аспанда, көкжиектің үстінен жарқыраған доғасы бар күн жарқырап тұр. Оның жан-жағынан екі жарқыл байқалады. Мұның бәрі шар тәрізді беттегі шағылысуға ұқсағанымен, планетамыздың үстінде күмбездің барын білдірмейді.
Видеодағы эффект паргелий деп аталады және оны физика арқылы оңай түсіндіруге болады. Аспандағы паргелиялық шеңбер мен «жалған Күнде» екі жағдай байқалады: аспанда мұз кристалдарынан тұратын шарпы бұлттар қалыптасқанда немесе аязды күн райында, кристалданған ылғал Жер бетіне жақын болғанда. Қазнетте тараған кадрларда аспан ашық, ал жерде қар жатқандықтан, екінші жағдайда сипатталған паргелий қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады. Күн сәулесі мұз кристалдарынан өтіп, сынады, нәтижесінде ерекше оптикалық әсерлер пайда болады. Сонымен қатар бұл әсерлердің пайда болуы кристалдардың бағытына тікелей байланысты. Егер олар ретсіз орналасса, онда күннің айналасында жарқыраған шеңбер ғана болады. Егер кристалдар тігінен тұрса, онда қосымша «күнді» байқауға болады.
Паргелий гало деп аталатын оптикалық әсерлер тобына жатады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның ресми сайтында олардың барлығы «атмосферада мұз кристалдарының сынуы немесе шағылысуы нәтижесінде» пайда болады деп жазылған.
Күмбез жерді жауып тұр деген идея тегіс Жер теориясының бөлігі болып табылады. Ол толығымен ғылымға қарсы және Жер бетіндегі физиканың барлық заңдарына қайшы келеді. «Жазық жер» теориясын жақтаушылардфң негізгі дәлелдерін астроном, РҒА ғарыштық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Олег Угольников «ғалымдар мифтерге қарсы – 6» конференциясында сөйлеген сөзінде
Қорыта айтқанда, таралған видеода сирек болса да, ғылыми тұрғыдан түсінікті құбылыс – паргелий көрсетілген. Ол Жер үстінде күмбездің барын дәлелдемейді.