Fake News

Дәлелсіз: «Ұндағы E928 тағамдық қоспасы адамның репродуктивті жүйесіне теріс әсер етеді»

Telegram-да ұнның құрамында бензоил асқын тотығы бар екендігі туралы ақпарат шықты. Жарияланым авторының айтуынша, бұл тағамдық қоспа «репродуктивті функцияны құртады, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қарсы көрсетілімі бар». Бұл рас па, анықтайық.

Бензоил асқын тотығы – бұл  органикалық қатты зат.

Ол безеуді емдеуге арналған косметикалық өнімдерде қолданылады, емдік жақпалар, кремдер, сусабындар құрамында болады. Тамақ өнеркәсібінде ұнды ағарту және өнімдер сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Италияда бензоил асқын тотығы ірімшіктің кейбір түрлеріне қосады.

Тағамдық қоспалар тізіліміндегі нөмірі Е928.

Бензоил асқын тотығын каротиноидтар тотықтырады. Сонда ұн ақ болады. Бұл қоспаны өндірушілердің көбі пайдаланады, өйткені тұтынушылар ақ ұнды сарғыш ұннан артық көреді. Піскен өнімдерде бензоил асқын тотығының басым бөлігі бензой қышқылына айналады. Бұл — кеңінен қолданылатын консервант. Бензой қышқылы ағзадан несеппен шығарылады.

АҚШ-тың Азық-түлік қауіпсіздігі орталығының хабарлауынша, АҚШ, Ресей, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және басқа елдерде ұнды ағарту үшін және басқа да азық-түлік өнімдерінде Е928 пайдалануға рұқсат етілген.

Өнім өндірушілер белгілі бір кодексті ұстануға және белгіленген ережелерді сақтауға міндетті. Мәселен, 1983 жылғы азық-түлік туралы заңда ұнға бензоил асқын тотығын 1 кг шаққанда 50 мг-ға дейін қолдануға рұқсат етілген.

ДДҰ мен Азық-түлік және ауыл шаруашылығы корпорациясы жанындағы Алиментариус кодексін стандарттау жөніндегі комиссия бір кг ұнға шаққанда 60 мг бензоил асқын тотығының мөлшерін белгіледі.

Оның адам үшін аз мөлшерде қауіпсіз екенін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы растады.

Сонымен қатар, халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, бензоил асқын тотығы канцероген ретінде жіктелмейді.  Оның ағартылған ұндағы мөлшері өте төмен және денсаулыққа қауіп төндірмейді.

Әр түрлі өндірушілер шығарған ұнда Е928 тағамдық қоспасы болатыны рас. Бірақ оның мөлшерін бақылаушы органдар қатаң реттейді. Бүгінде ұндағы бензоил асқын тотығы мен репродуктивті жүйе аурулары арасындағы байланысты анықтайтын бірде-бір зерттеу жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button