Фейк: «Вакцина ағзада операциялық жүйе орнатады»
Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы вакцинацияның зияны туралы ерекше теорияны алға тартты. Олардың пайымдауынша, Moderna шығарған вакциналар липидті гидрогельдің көмегімен адам ағзасына операциялық жүйе орнатады. Содан кейін биосенсорлар вакцинацияланған адамның миына имплантацияланады, олар нақты уақыт режимінде ақпарат береді және белгілі бір нұсқауларды қабылдайды. Бұл жалған.
Moderna шығарған вакциналар адам ағзасындағы операциялық жүйелер орнататыны туралы идеялар, ең алдымен, компанияның ресми сайтындағы ақпаратқа негізделген. Онда өндірушілер вакцинаның қалай жұмыс істейтінін айтады және компьютердің операциялық жүйесін мысалға келтіреді.
– «мРНҚ туралы ғылымының әлеуеті зор екенін мойындай отырып, біз компьютердің операциялық жүйесіне өте ұқсас мРНҚ технологиялық платформасын жасауды ұйғардық. Ол әр түрлі бағдарламаларға.қосыла алатындай етіп жобаланған. Біздің жағдайда «бағдарлама» немесе «қосымша» – бұл біздің мРНҚ препаратымыз, ақуызды кодтайтын ерекше мРНҚ тізбегі», – делінген вакцинаның жұмыс істеу принципінің сипаттамасында.
Вакциналар денеде операциялық жүйе орнататындығы туралы сөз жоқ. Компьютерлер мен олардың жұмыс істеу жүйесі мысал ретінде ғана келтіріледі.
Фейк теорияның авторлары липидті наногидрогель туралы да жазады. Мұндай зат жоқ. Вакциналарда липидті нанобөлшектер қолданылады.
Гидрогельдің қандай да бомласын түрі иммундауға арналған препараттарда жоқ. Сондай-ақ, оларда биосенсорлар, нанороботтар және басқа құрылғылар да болмайды.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac.
Бұған дейін біз осы сияқты қастандық теориясын жоққа шығарған болатынбыз:
Фейк: «Вакцина өндірушілер адамдарды чиптеп жатқандарын мойындады»
Қорыта айтқанда, вакцинация арқылы адам ағзасына операциялық жүйелерді орнату туралы хабарламалар вакцина өндірушінің ресми сайтында жарияланған контекстен үзіп алынған сөздерге негізделген қастандық теориясы болып табылады. Вакциналар құрамында гидрогель, наночиптер, биосенсорлар және басқа да гаджеттер жоқ.