Жоба туралы

Stopfake.kz жобасы туралы

Әлеуметтік желілердің ленталары, WhatsApp-тағы хабарламалар, телеграм-арналардағы посттар, YouTube пен Тik-Ток-тағы видеолар – ақпарат өте көп, ал оған сенуге бола ма, жоқ па, оны тексеру үшін уақыт тым аз. Жалпы, ақпараттық ортада нақты орын алған жағдайларды ойдан шығарылғандардан ажырату оңай емес.

Stopfake.kz не үшін қажет

2020 жылы фейктер, манипуляциялар мен қастандық теориялары көп екендігін байқадық. Stopfake.kz жобасы желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және жалпы адамдарды адастыру мен шатастыруды азайту, сондай-ақ оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын жеткізу мен фейктердің қалай және неге жасалатынын түсіндіру үшін қолға алынды.
Интернетте миссиясы осындай ұқсас сайттар көп. Фейкпен күресетін және оқырмандарды өтірікті тануға үйрететін ресурстар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болады. Бәрінен хабардар болу артық етпейді.

Stopfake.kz қалай жұмыс істейді

Біз дұрыс емес немесе жалған болып көрінетін хабарламаларды тауып, тексереміз. Оларды растауға, түсіндіруге немесе жоққа шығаруға болатынын анықтаймыз.
Дереккөздерді – интернеттегі және оффлайн БАҚ-тағы жарияланымдарды, мәлімдемелерді немесе хабарламаларда есімі аталған адамдарды табамыз. Олардың қандай резонанс тудырғанын және оқырмандардың мұны қалай қабылдағанын анықтаймыз.
Даулы дәлелдерді қарастырамыз, әртүрлі теорияларды салыстырамыз және растауларды зерттейміз.
Пайдаланушылар бөліскен суреттерді, фотосуреттерді және видеоларды талдаймыз.
Сараптамалық бағалауларға жүгінеміз және ресми түсініктемелер аламыз.
Деректерді жариялаймыз.
Біз деректерді тез тексеру фейкпен күресудің ең тиімді жолы екеніне сенімдіміз.
Біздің құндылықтарымыз: әр адам шынайы ақпарат алуға, әділдікке, объективтілікке, парасаттылыққа құқығы бар.

Бізге қалай қосылуға болады

Егер мессенджерде күмәнді болып көрінген хабарламаны көрсеңіз немесе оның рас-өтірігіне көз жеткізгіңіз келсе – Stopfake.kz редакциясына жіберіңіз. Біз жаңалықтың шынайылығын тексеріп, нәтижесімен бөлісеміз.
Редакцияның WhatsApp-тағы байланыс номері: +7 (747) 278-42-50.
Сайттағы нысан бойынша хабарлама жіберуге болады: https://stopfake.kz/ru/add/
Фейктерді әшкерелеу туралы – Stopfake.kz Telegram-арнасында https://t.me/stopfake_kz

Редакцияның мекен жайы:
Нұр-Сұлтан қ., Тұран даңғ. 19/1

 

 

Back to top button