Fake News

Фейк: «СOVID-19 қарсы вакциналарда адамдарды бақылауға мүмкіндік беретін ауыр металдар бар»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында адамдарды бақылауға мүмкіндік беретін ауыр металдар бар деген теорияны талқылауда. Бұл жалған.


Қазнет пайдаланушыларының бірі осы теорияны растайтын оқиғамен бөліскен. Оның айтуынша, досының анасы Англияда дәрігер болып жұмыс істейді, ол баласына екпе жасатқандығы туралы жалған куәлік алып берген. Алаяқтық әуежайда анықталған, аппаратпен «тексерген» кезде оның ағзасынан ауыр металдар табылмаған, ал олар вакцина алғандардың барлығында болады екен.
Шын мәнінде, COVID-19 қарсы вакциналарда ауыр металдар жоқ. Олардың кейбіреулерінің құрамында сынап тиомерсалы немесе алюминий тұздары сияқты рұқсат етілген адьюванттар бар. Бұл заттар ауыр металдар емес, табиғи жолмен шығарылады және вакциналардың құрамындағы концентрацияларда қауіпті емес.
Pfizer, Moderna және Janssen вакциналарында бұл қоспалар мүлдем қолданылмайды.
Англияда қолданылатын AstraZeneca вакцинасының құрамында магний іздері және өте аз мөлшерде алкоголь бар – бір дозаға 0.002 мг.
Сонымен қатар, ағзада ауыр металдардың болуын анықтау үшін бірқатар тест жасау керек, оның ішінде қан, зәр, кейде шаш пен тырнақ талдауын тапсыру керек. Кейбір жағдайларда қорғасын, темір, мышьяк және басқа да металдарды іш қуысы рентгенінен көруге болады. Алайда, бұл үшін металл бөлшектерін жұту керек.
Демек, адамның ағзасында ауыр металдардың болуын әуежайда дәл анықтау мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, Желі қолданушыларының әңгімесі жалған. Вакциналардың құрамында ауыр металдар жоқ, ал әуежай жабдықтары адам ағзасындағы зиянды заттарды анықтай алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button