Fake News

Фейк: «Әлемге әйгілі Coca-Cola сусынында жәндіктер сығындысы бар»

Танымал Coca-Cola сусыны тағы да фейк таратушылардың нысанына айналды. Бұл жолы желіде кошениль жәндіктерінен алынған сұйықтықты тәтті газдалған сусынға қосады деген ақпарат тарады. Бұл экстракт оған қоңыр түс береді. Хабарлама авторының айтуынша, Coca-Cola өндіру үшін мия өсімдігінің тамыры қажет. Оны жинаған кезде экскаваторлар тамырмен қоректенетін тышқандарды да басып өтеді. Мұның бәрі сусынға түседі екен. Бұл әңгімелердің барлығы шындыққа жанаспайды. Олар ойдан шығарылған.

Coca-Cola бояғыш ретінде кошениль сығындысын пайдаланады деген миф 2006 жылы шыққан. Түркияда адвокат Муаммер Карабулут сусынның құрамын жария етуді талап етіп, компанияны сотқа берді. 2007 жылы ол Coca-Cola формуласын жария етуге қол жеткізгенін, одан кошениль сығынды анықталғанын мәлімдейді.

Алайда, Карабулут мұндай қорытынды қандай зерттеулер нәтижесінде шығарылғанын айтқан жоқ. Адвокат сотта ешқандай дәлелдер келтірген жоқ.

Бүгінгі таңда Coca-Cola құрамы баршаға қолжетімді. Барлық ингредиенттер компанияның ресми сайтында жазылған. Coca-Cola компаниясының мәлімдеуінше, олардың арасында қоңыздар жоқ. Олардың барын растайтын бірде-бір зерттеу жоқ.

Адамдар кошениль битінен кармин бояуын алуды ежелден үйренген. Алынған бояғыш соңғы өнімде жәндіктердің ізі қалмас үшін бірнеше фильтрле кезеңінен өтеді. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде карминді қолдану жәндіктерді тағамға қосқанмен бірдей деген пікір қате. Бүгінгі таңда кармин көп өнімнің құрамында бар. Оның ішінде йогурт, балмұздақ, кекс, сода және т. б. Сондай-ақ, кармин косметика саласында қолданылады, көптеген ерін далабында кездеседі.

Америкалық The Verge порталында сусын контейнерлерінен кеміргіштер табылған жағдайлар туралы жазылған.

Алғашқы оқиғалардың бірі 1996 жылы болған, мұндай жағдайлар белгілі бір жиілікте қайталанады. 2017 жылы баспасөздің назары осыған ұқсас тағы бір оқиғаға аударылды. Оңтүстік Дакота тұрғыны сусын құтысынан тышқан таптым деп Coca-Cola-ны сотқа береді. Ал компания заңгерлері бұл айыптауларды жоққа шығарды. Себебі жануар сол қалпында сақталмай, ыдырап кетуі керек еді. Мұндай жағдай қанша қайталанса да, сотқа берілген осындай арыз-талаптардың ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ.
Сонымен қатар хабарламада Coca-Cola өндірісінде қолданылатын карамельдің зиянын дәлелдеген зерттеу туралы айтылады. Авторды оның қандай зерттеу екенін және қашан жүргізілгенін айтпайды. Ал 2012 жылы Coca-Cola мен PepsiCo өз сусындарының рецептілерін өзгертті. Бұл карамель бояғышындағы 4-метилимидазол қауіпті деп танылған Калифорнияның жаңа заңына байланысты жасалды. Ірі сусын өндірушілер дайындау процесін өзгертіп, бұл заттың мөлшерін азайтты.

Ғылым жетістіктерін пайдалану орталығы Coca-Cola және Pepsi сусындарының құрамында 4-метилимидазолдың деңгейі жоғары екенін анықтады. 2011 жылдан бастап ұйым аммиак-сульфитті карамель бояғыштарына тыйым салуға тырысты. Өз кезегінде, Сусын өндірушілер қауымдастығы мен АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы мұны өндірушілерді қорқыту әрекеті айтты.

Қауымдастық Калифорния 4-метилимидазолды адамға зияны бойынша дәлелдер жеткіліксіз бола тұра, канцероген деп таныды деп мәлімдеді. Олардың пікірінше, зерттеу барысында егеуқұйрықтарда ісік тудырған жағдайға жету үшін адам Coca-Cola-ның 2900 құтысын ішуі керек. 70 жыл бойы күн сайын осындай мөлшерде тұтыну қажет.

Coca-Cola құрамында жәндіктер сығындысы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Барлық ингредиенттер өндіруші компанияның ресми сайтында жарияланған. Тышқандар мен канцерогендер туралы қауесеттер сотта да, зерттеулерде де расталған жоқ. Демек, таралған ақпарат жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button