Fake News

Фейк: «Вакциналардағы нанобөлшектер мида нейрожелі қалыптастырады»

Желіде COVID-19 қарсы вакциналарда адамның миында өзін-өзі ұйымдастыруға және жасанды нейрондық желі құруға қабілетті белгілі бір нанобөлшектер бар деген теория тарады. Мұндай идея Brighteon.com порталында шыққан подкастта айтылған. Бұл жалған.


Brighteon.com порталы қастандық теориялары мен псевдоғылыми мәлімдемелерді жариялайтынымен танымал. Бұл сенімсіз дереккөз. Фактчекерлер порталда жарияланған хабарламаларды бірнеше рет теріске шығарды.
Подкаст шығарылымында вакциналардың құрамында өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті нанобөлшектер бар екендігіне ешқандай дәлел келтірілмейді.
Теория тұтастай доктор Питер Маккаллоу өзінің бір сұхбатында айтқан дәрігерлер қазір «сиқырланғандай», ал адамдар «жаппай гипнозға» ұшырағандай деген сөздеріне негізделген.
Айта кетейік, Маккаллоу бұған дейін де жалған мәлімдемелер жасаған. Ол COVID-19 емдеу үшін тиімсіздігі дәлелденген гидроксихлорохин препаратын қолдануды жақтаған болатын. Тіпті оң рецензия алған ғылыми мақала да жазған. Алайда, кейіннен бұл шолудың авторы Маккаллоудың өзі және оның қол астындағылар екендігі белгілі болды, өйткені оның өзі мақала жарияланған журналдың бас редакторы болған.
Сондай-ақ, доктор Маккаллоу егде жастағы адамдар тәуекел топқа жататынына және оларда індеттің ауыр өтетініне, 50 жастан асқандарды COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбауға шақырды.
Алайда, подкаст авторы доктор Маккаллоудың жалған идеялары туралы айтпайды. Оның орнына ол «жаппай гипноз» тақырыбын өрбітіп, Moderna өкілдері өздерінің вакциналары іс жүзінде операциялық жүйе екенін мойындады дейді. Бұл олай емес.
«Операциялық жүйе» термині вакцина өндірушісінің ресми сайтында препараттың жұмыс істеу принципін қарапайым түсіндіру үшін салыстыру үшін қолданылады. Бұл туралы біз толығырақ жазған болатынбыз.

Фейк: «Вакцина өндірушілер адамдарды чиптеп жатқандарын мойындады»

Сонымен қатар, автор COVID-19-ға қарсы кейбір вакциналардағы мРНҚ иммунитетті қалыптастыру үшін емес, белгілі бір нанобөлшектерге «нұсқау» беру және оларды мида жасанды нейрондық желі құруға мәжбүр ету үшін қажет дейді. Бұл толығымен ғылымға қайшы. Біріншіден, мРНҚ ағзаға енгеннен кейін өте қысқа уақыт ішінде ыдырайды және миға бармайды. Екіншіден, вакциналарда адамның миында өзін-өзі ұйымдастыруға және нейрондық желіні құруға қабілетті нанобөлшектер жоқ. Бүгінгі күні қолданылатын барлық вакциналардың құрамы баршаға қолжетімді. Олардың ішінде ең көп тарағандары:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
Айта кетейік, подкаст авторы қазіргі кездегі нейрондық желілердің даму дәрежесін ескермейді. Жасанды нейрондық жүйелер жетілдірілуде, ғалымдар жасанды интеллектті «оқытудың» жаңа тәсілдерін жасауда. Алайда, мұның өзі адам миымен тең жұмыс істей алатын нейрондық желі құруға мүмкіндік бермейді. 
Нанобөлшектерді инъекцияға арналған иненің көмегімен енгізуге мүмкіндік беретін, кейіннен өзін-өзі ұйымдастырып, нақты миды командалар жиынтығымен және жасанды есептеу процестерімен алмастыратын технологиялар жоқ.
Қорыта айтқанда, подкастта айтылған ақпарат автордың ойдан шығарғаны. Оның теориялары толығымен ғылымға қарсы, ал подкаст жарияланған портал сенімді дереккөз емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button