Fake News

Фейк: «Желіде вакцинадағы нанороботтардың видеосы тарады»

Желіде нанороботтардың видеосы пайда болды. Ролик астынан құрылғылар электромагниттік сәулелену мен химиялық заттардың көмегімен іске қосылатындығы жазылған. Пост авторының айтуынша, вакцинаның бір дозасында осы сияқты миллиондаған наноробот болуы мүмкін. Мұның бәрі өтірік.


Шын мәнінде, видеода роботтар емес, жасушалардағы жаңа байланыс түзетін нейрондар көрсетілген. Видеоның түпнұсқасы 2018 жылы 14 сәуірде reddit.com платформада жарияланған. Қазір ол өшірілген.
Сол күні ролик Оксфорд университеті ғылыми қоғамдастығының ресми аккаунтында жарияланды. Мұнда видео әлі де бар.
2019 жылы жарияланған дәл осы бейнені YouTube платформасынан табуға болады. Онда бұл нейрондық байланыстарды қалыптастыру процесінің баяу түсірілімі деп жазылған.

Вакциналарда нанороботтар бар деген теорияға ешқандай дәлел жоқ. Вакциналардың құрамына жоғары технологиялық құрылғылар кірмейді. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, электромагниттік өрістерді пайдаланып, вакцинацияланған адамдардың ақыл-ойын бақылау туралы болжам да ғылымға қарсы екендігі туралы айттық.

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың жүйке жүйесін магнит датчиктердің көмегімен бақылауға болады»

COVID-диссиденттер мен вакцинацияға қарсы адамдар бұған дейін де ескі фотосуреттер мен видеоларды жалған теориялардың дәлелі ретінде ұсынған. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button