Fake News

WhatsApp-та тараған фейк: «Код 1945» банктік деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

WhatsApp-та Жеңіс күнін мерекелеуге арналған алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат тарады. Телефонға «онлайн ұранға» қосылуға үндейтін хабарлама келеді. Оған қатысу үшін «1945» кодын теріп, аудионы тыңдау керек. Хабарлама авторларының айтуынша, бұл код алаяқтарға банктік деректеріңізді білуге мүмкіндік береді. Бұл жалған.

Бұл ақпаратты «Лапша Медиа» фактчекерлері тексерді. Онда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ура Победе!» акциясы туралы айтылған. Акция 2025 жылғы 25 ақпан – 15 мамыр аралығында Ресейде өтеді. Оған қатысу үшін 1945 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып, дауыстық мәзір арқылы қажетті бөлімді таңдау керек.

Акция аясында Юрий Левитан оқыған 1945 жылғы Кеңес ақпарат бюросының күнделікті қысқаша жаңалықтарын тыңдауға, «Қараңғы түн» және «Катюша» сияқты танымал әскери әндерді қоңырау етіп орнатуға, сондай-ақ әндер мен мерейтойлық логотипті тегін жүктеп алуға болады.

Шоттан ақша алынбайды және дербес деректер алаяқтарға берілмейді. Демек, таралған хабарлама фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button