Фейк: «Вакцинадан нанороботтар табылды»
Қазнет қолданушылары микроскоппен түсірілген кішкентай спираль тәрізді механизмнің бейнесін талқылайды. Роликтің жазуында бұл вакциналардан табылған нанороботтар делінген. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, бұл видео емес, 2017 жылы желіде алғаш рет жарияланған GIF-анимация.
Онда микромотордың көмегімен ірі қара малдың жұмыртқасын ұрықтандыру көрсетілген. Бұл технологияны ғалымдар Мариана Медина-Санчес және Оливер Г.Шмидт әзірлеген. Олардың пікірінше, болашақта бұл технологияны адамдар да қолдана алады. Атап айтқанда, табиғи жолмен бала көтере алмай жүрген жұптар.
Бұл ретте кішкентай спиральді қозғалтқыш қозғалғыштығы жеткіліксіз еркек ұрық жасушалары үшін көлік құралы рөлін атқарады.
Бұл әзірлеме туралы 2017 жылы хабарланды. Ол кезде оны In vivo, яғни тірі жасушаның ішінде зерттеді.
Қазіргі кезде әдісті зерттеу жалғасуда. Ол жануарларға сәтті қолданылды. Ал адамдарда сынақтар әлі болған жоқ.
Осылайша, GIF анимациясында көрсетілген микроқозғалтқыш COVID-19 қарсы вакцинадан табылған зиянды наноробот емес.