Фейк: «Вакциналарда бақылауға арналған зат – SM-102 люциферазасы бар»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамында SM-102 люциферазасы деп аталатын зат бар екендігі туралы хабарлама таратуда, оның көмегімен егілген адамдарды бақылауға болады екен. Бұл өтірік.
Бұл теория бұрын таратылған екеуінен құралған. Олардың бірінде вакциналарда «антихрист белгісі» болып табылатын люциферин бар делінген. Екіншісі препараттарда SM-102 улы химикаты бар екендігі жайлы.
Демек, люциферин және SM – 102 – бұл екі түрлі зат, олардың ешқайсысы бақылау құрылғысы қызметін атқармайды.
Люциферин немесе люцифераза – бұл биолюминесценцияға жауап беретін зат. Ол жарқырауық, ұлу, қоңыз, кальмар, асшаян, балық, жәндіктердің ағзаларында және кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі. Люцифериннің арқасында жануарлар мен өсімдіктер қараңғыда көкшіл-күлгін түспен жарқырайды. Бұл затта жұмбақ ештеңе жоқ.
SM-102 – липидті нанобөлшектер жасау үшін қолданылатын липид. Олар өз кезегінде мРНҚ-ны вакциналардан ағза жасушаларына жеткізу үшін қажет.
SM-102 уыттылығы туралы қауесет, бұл зат хлороформда сақталып, тасымалданады деген хабарламадан шыққан. Алайда, SM-102-мен жұмыс кезінде ол хлороформнан толығымен тазартылады. Осылайша, вакциналар құрамында қауіпті химикат болмайды. Хлороформ препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың толық тізімінде көрсетілмеген.
Вакциналардың толық құрамы құпия емес және көпшілікке қолжетімді екенін атап өткеніміз жөн.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
Демек, КВИ қарсы вакциналардың құрамында бақылау элементтері, улы немесе уытты заттар жоқ. Вакцинацияланған адамдарды бақылау үшін оларда SM-102 люцефирині болатыны туралы хабарламалар бұрын теріске шығарылған екі фейктің қосындысы болып табылады.