Fake News

Фейк: «5G – бұл ДНҚ-ны бұзатын миллиондаған сәуле»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда 5G технологиясы – адамның ДНҚ-ын бұзатын бес миллион сәуле екендігі туралы бейнеролик таратылуда. Сондай-ақ, роликте технология қатерлі ісік, бедеулік, қан кетуді тудырады, сананы басқарып, адамдарды өлтіруі мүмкін деген идеялар айтылады. Сонымен қатар, автор COVID-19 індеті 5G толқындарынан туындайды идеяны алға тартады. Бұл видеоны талдап, неге өтірік екенін түсіндіріп өтейік.

1. 5G технологиясы ДНҚ-ны бұзады
Бұл жалған. Мұндай теориялар бұрын да таралған. StopFake.kz «Қазақтелеком» АҚ мамандарынан осыған қатысты түсініктеме алған болатын.
– Зертханалық жануарларға жүргізілген тәжірибелер ұзақ уақыт сәуле түсудің әсерінен мінез-құлықтың өзгергенін көрсетті. Сәуле көзінен 10-20 метр қашықтықта денсаулыққа еш зиян келмейді. 5G жақтаушылар әлемде байланыс желілерінің тығыздығы ең жоғары болып табылатын Жапонияда азаматтар көбінесе 90-100 жылға дейін өмір сүретінін байқайды. Бұл ретте миллиондаған қария күн сайын ұялы байланысты пайдаланады», — деп хабарлады компаниядан.

2. 5G адамдарды ойға қонымсыз нәрселер жасауға итермелейтін шынайы голограммалар қалыптастырады
Бұл тұжырым Blue Beam жобасы туралы конспирологиялық, толығымен дәлелденбеген теорияға негізделген. Оған сәйкес, NASA әлем бойынша орнататын және оны іске қосқан кезде адамдарды соғыс пен бұзуға шақыратын Мессияларды көруге итермелейтін қуатты проекторлар желісін жасайды. Біз бұл теория туралы жазғанбыз. Сондай-ақ, бұл теорияның «дәлелдерін» де бірнеше рет теріске шығардық. Айта кетейік, бұл теория 5G желісі шыққанға дейін пайда болды және технологиямен еш байланысы жоқ.

3. 5G дыбыстық қарумен бірдей жиілікте жұмыс істейді
Бұл өтірік. 5G толқындары 24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейді. Wi-Fi –роутерлері, полиция радарлары, кейбір жер серіктері және басқа құрылғылар да осы жиілікте жұмыс істейді. Технологияның жұмысы және одан қорқудың қажеті жоқ екендігі туралы физик және ғылымды дәріптеуші Дмитрий Побединский өзінің YouTube арнасында айтқан.
5G желісі күйік пен физикалық зақым келтірмейді.

4. 5G қатерлі ісік ауруын тудырады
Бұл олай емес. 5G технологиясының қауіпсіздігі тақырыбына арналған ғылыми зерттеулер бар. Ұялы байланыстың мұндай форматы қатерлі ісіктердің көбеюін немесе басқа емделмейтін ауруларды тудыруы мүмкін деген қорытындылар шығарылған жоқ. Технологияны пайдалану қауіпсіздігі сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның зерттеулерімен де расталған.

5. Уханьда 5G бағаналары іске қосылып, соның әсерінен адамдар өле бастады. Билік шындықты жасыру үшін оны SARS-CoV-2 вирусы деп атады
Covid-диссиденттер бұл теорияны бұрыннан таратып келеді. Бұл фактілерге қайшы келеді және толығымен жалған. Шын мәнінде, 5G желілері алдымен Кореяда, содан кейін Шанхайда, Пекинде және Қытайдың басқа аймақтарында орнатылды. Демек, 5G желілерін орнату мен COVID-19 пандемиясының басталуы арасында ешқандай байланыс жоқ.

6. 5G желілері қосылғаннан кейін миллиондаған адам қайтыс болады
Бұл идея бүгінгі шындыққа тікелей қайшы келеді. 5G желілері АҚШ, Канада, Австралия, Франция, Германия, Ұлыбритания және басқа да Еуропа, Азия және Африка елдерінде жұмыс істеп тұр.  Өздеріңіз білетіндей, бұл елдерде адамдар көшелерде жаппай өліп жатқан жоқ.

Infographic: Where 5G Technology Has Been Deployed | Statista<>

7. 5G желілері қосылған кезде құстар аспаннан құлайды
Бұл белгілі фейк. Бұған дейін Желіде өлген ондаған құстың түрлі фотосуреттері мен бейнелері тараған болатын. Алайда, әр жолы құстардың өлімі 5G технологиясымен байланысты емес екендігі, суреттер мен видеолардың түсірілім жүргізілген жерде технологияны іске қосылмаған кезде немесе желілер мүлдем орнатылмаған жерде түсірілгені анықталды.

8. 5G әсерінен балаларда қан кетеді
Бұл теория Қазнетте 2020 жылы тарады. Оның негізін қалаушы – британдық Марк Стил. Оның айтуынша, іс жүзінде жаппай қырып-жоятын қару болып табылатын және бедеулікке, түсік тастауға және қан кетуге әкелетін көше шамдары 5G сигналдарын қабылдайды. Мұның бәрі өтірік екендігі туралы біз жазған болатынбыз.

Көше шамдары жауынгерлік қару емес және қатерлі ісік ауруын тудырмайды

 

9. Вакцинация адамдарды чиптеу үшін қажет
Бұл мүлдем дәлелденбеген теория. COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер немесе басқа электрондық құрылғылар жоқ екендігі туралы біз бірнеше рет айтқан болатынбыз. Дегенмен, вакцинацияға қарсы адамдар иммундауға арналған препараттарда жоқ ингредиенттерді әлі де «табуда». 2021 жылдың соңында біз бұл ингредиенттердің тізімін жасадық. 

10. Әлемде тиімді вакциналар жоқ
Бұл мүлдем олай емес. Вакциналар бір ғасырдан астам уақыт бойы адамзатқа қауіпті аурулар індетімен сәтті күресуге көмектесіп келеді. Нәтижесінде адамзат шешек, құтыру, полиомиелит, сіреспе сияқты ауруларды тоқтата алды.

Қорыта айтқанда, видеода бұрын теріске шығарылған және ешқандай дәлелі жоқ қастандық теориялары жинақталған. 5G технологиясы қауіпсіз және COVID-19 пандемиясымен байланысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button