Фейк: «Голограммасы бар видео қастандық теориясын растайды»
Қазнет қолданушылары бір топ адамның «Әулие Марияның көруінуі» құбылысын көріп тұрған видеомен бөлісуде. Таратылым авторларының айтуынша, бұл NASA-ның «Blue Beam» (Көк сәуле) құпия жобасы аясында көрсетілетін голограмма. Теорияны жақтаушылардың пікірінше, мұндай голограммалар адамзатты бақылау үшін қолданылады және жақын арада әлемде дүрбелең тудырады. Мұның барлығы – фейк.
Конспирологияны ұнататындар NASA-ның жоспарын «дәлелдеуге» тырысатын видео ескі және желіде бір жылдан астам уақыттан бері тарауда. Ол Қытайда Тянчи көлінің жанында Чанбайшан тауында түсірілген.
Әрине, бұл шоу, ал оны бақылаушылар – туристердің орталықтандырылған тобы. Олардың жанында тамашалауға қолайлы нүктелерді айтып, қауіпті жарға жақындамау туралы дауыс зорайтқышпен ескертетін гидтер бар.
Бастапқыда бұл кадрлар желіде «салынған» күннің тұтылуының кадрларымен бірге таралған. Ал аспан кеңістігінде қара тұманмен қоршалған екі ақ күн болды.
Кейіннен күннің тұтылуының кадрлары алынып тасталып, олардың орнына Әулие Марияның бейнесі қойылған.
Blue Beam жобасына келетін болсақ, бұл қастандық теориясы ғана. Оның негізін қалаушы-журналист Серж Монаст. Ол өз жарияланымдарында Жаңа әлемдік тәртіп туралы жазды. Жаңа тәртіп жоба толығымен күшіне енгеннен кейін орнайды. NASA қызметкерлері Жер серіктері мен лазерлердің көмегімен бүкіл аспанда Мессиияның шынайы бейнесін жасайды және әрбір Жер тұрғынының санасында белгілі бір сөздер естіледі.
Бұл теорияға ешқандай дәлел жоқ. «Құпия құжаттарға» жасалған сілтемелер тек Серж Монастқа ғана қатысты. Сонымен қатар, «Мессия голограммасы» – өте кең ұғым, өйткені Мессияның өзі әртүрлі діндерде басқаша ұсынылады, ал кейбіреуінде мүлдем жоқ. Көптеген елдердің мультиконфессиялылығын да ескергеніміз жөн. Мысалы, Қазақстанның өзінде 18 дін өкілдері бар. Сондай-ақ, бұл теория атеистер мен агностиктер мүлдем ескермеген.
Blue Beam жобасының бар екендігі туралы желіде пайда болған барлық «дәлелдер» не фейк болып шыққан, немесе ғылыми тұрғыдан түсіндірілген. Оның ішіндегі ең танымалы – Қытайда аспанда пайда болған «үлкен қала». Кейіннен оның видеомонтаж екені белгілі болды. Тағы бір таңқаларлық аспан құбылысы – норвегиялық спиральды аномалия – фейк болмаса да, қастандық теориясына да ешқандай қатысы жоқ. Түнгі аспандағы ерекше жарқыл зымыранның сәтсіз ұшырылуы екені анықталды. Сол күні Ақ теңізде болған «Дмитрий Донской» суасты зымыран тасығышының бортынан су асты позициясынан РСМ-56 «Булава» құрлықаралық баллистикалық зымыраны ұшырылған. Телеметрия мәліметтері бойынша, зымыранның алғашқы екі сатысы штаттық режимде жұмыс істегені белгілі болды, бірақ ұшу траекториясының келесі үшінші кезеңінде техникалық ақаулық орын алған.
Демек, діни сипаттағы үлкен голограммалар мен жалпы дүрбелең ойдан шығарылған нәрсе.