Жарнаманы құпия тәжірибелер деп ойлап қалған
Әлеуметтік желілерде әлемдік үкіметтің қастандығының тағы бір «дәлелі» пайда болды. Бұл жолы аспанда пайда болған ақ нүктелер көрсетілген видеоны қолданушылар «Көк сәуле» жобасы аясында жасырын жүргізілген тәжірибелердің дәлелі деп мәлімдеді. Мұның барлығы жалған.
Шын мәнінде, видеода скайтайпинг процесі– ұшақтардың көмегімен әуеде жазылған жазулардың суреттері түсірілген.
Аспанда осындай әсер қалдыру үшін бес ұшақ синхронды қозғалуы керек. Олар белгілі бір жерлерде ақ экологиялық таза бу бұлттарын шығаруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықтармен жабдықталған. Осының арқасында әуеде жазу пайда болады. Нүктелерден тұратын әріптер бірнеше минутқа сақталып, таралады. Айта кетейік, бұл үшін жерден нашар көрінетін шағын ұшақтар қолданылады. Скайтайпинг 2010-шы жылдардың басынан бастап жарнамалық мақсатта қолданылады.
Желіде әуеде әріптер жазу процесінің видеоларын, сондай-ақ скайтайпингтің жұмыс істеу принципін егжей-тегжейлі түсіндіретін роликтерді табуға болады.
Осылайша, Қазнетте таратылған видеода NASA-ның жасырын жүргізген тәжірибелері емес, жарнама жасау процесі ғана түсірілген. Қазақстандықтар айтып отырған «Көгілдір сәуле» жобасы – ешқандай дәлелдері жоқ конспирологиялық теория. Біз бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.