Fake News

Көше шамдары жауынгерлік қару емес және қатерлі ісік ауруын тудырмайды

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде тараған вирустық роликті талқылауда. Видео авторы көше шамын бөлшектеп, жарықтандыру құрылғысының жауынгерлік қару екенін, қатерлі ісік ауруын тудыратынын, 5G сигналдарын қабылдай отырып, түсік түсіру мен мұрыннан қан кетуге себеп болатынын «дәлелдейді». Қазнет пайдаланшылары елімізде осындай технологиялардың пайдаланылатынына алаңдаушылық білдіруде.

Шын мәнінде, Қазақстанда да, әлемнің басқа елдерінде де өмірге қауіпті көше шамдары жоқ. Ал бейнероликтің өзі – фейк.

Видеоның түпнұсқа нұсқасын британиялық Марк Стил түсірген. Оның айтуынша, көшедегі қауіпті жарықтандыру құрылғылары Гейтсхед қаласында орнатылған.

Қала әкімшілігі бұл қауесетті бірден жоққа шығарды. Билік 5G сигналын қабылдауға қабілетті жарықтандыру құрылғылары қаланың кез келген көшесінде қолданылмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, олар онкологиялық және басқа ауруларды, қан кетуді және түсік тастауға себеп болмайды.

Кейіннек сот Марк Стилге ол видеоға түсіре алатын адамдар тобын және Facebook-те жариялауға құқылы видеолардың мазмұнын шектейтін тыйым салды. Сондай-ақ, шектеулер қудалау туралы заңды сақтауға қатысты болды. Тыйымды бұзған жағдайда Стил қамауға алынуы мүмкін. 

Теріске шығарылғанына қарамастан, британиялық конспирологтың видеосы тез тарады және әртүрлі тілдерге аударылды.

Шын мәнінде, түпнұсқа видеода көрсетілген бөлшектердің ешқайсысы қару емес. Марк Стил 5G сигналдарын қабылдау қасиеттерін сипаттаған антенналар радио толқындарын ғана қабылдайтын таратқыштар болып табылады. Мұндай құрылғылар тек шамдардың соңғы модельдерінде ғана бар. Олар арқылы бұзылулар мен тұтынылатын энергия туралы деректер басқару орталықтарына жіберіледі, бұл көшені жарықтандыру жүйелерін күтуге кететін уақыт пен шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Видео авторы жауынгерлік қасиеттерге ие деп айтқан «өте ауыр жабдық» – қуат көзі. Жалпы, ролик авторы сипаттаған және көрсеткен барлық құрылғыларды «сымсыз байланыс жүйелері» кітабынан оңай табуға болады, онда олардың суреттері, толық сипаттамалары және қосылу схемалары ұсынылған.

Осы бөлшектердің барлығы қалалық жарықтандыру жүйелерін қашықтан басқаруға, тұтынылатын энергияны бақылауға және бұзылулардың нақты диагнозын жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ақауларды жою уақыты мен шығындарды едәуір азайтады.

Ұсынылған бөлшектердің ешқайсысы қару ретінде пайдаланылмайды және қандай да бір қауіп төндірмейді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button