Fake News

Фейк: «Спутник V» вакцинасының логотипінде аңдардың саны шифрланған»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар COVID-19 қарсы «Спутник-V» вакцинасының логотипінде аңдардың саны – үш алтылық шифрланғаны туралы теорияны талқылауда. Бұл жалған.

Sputnik-V логотипінің ағылшын тіліндегі нұсқасында P латын әрпінің жазылуы конспирологияны жақтаушыларда осындай ой тудырды. Әріптің сол жағында үш қысқа сызық бар, Қазнет қолданушыларының пікірінше, олар әріпті қоса алғанда үш алтылықты құрайды.

Бірақ мұқият қараған кезде сызықтардың бірі әріптің бірімен қосылмайтынын байқауға болады, демек, алтылық немесе қандай да бір өзге символ шықпайды.

«Спутник-V» логотипінің орыс тіліндегі нұсқасындағы С әрпінде де осындай қысқа сызықтар бар. Бұл ешқандай символды білдірмейді.

Қысқа сызықтар әріптерді визуалды тұрғыдан 1957 жылғы 4 қазанда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған Жердің алғашқы жасанды спутнигіне ұқсас деген пікір әлдеқайда қисынды көрінеді.

Вакцина оның құрметіне аталған.

Препарат атауындағы V әрпі Victory – Жеңіс деген сөзді білдіреді.

Қастандық теориясын жақтаушылардың COVID-19 пандемиясына және онымен байланысты барлық жайттарға жын-перілік сипаттама беріп отырғаны алғаш рет емес. Бұған дейін Қазнет қолданушылары КВИ мобильді тестілеу пунктінің логотипінде мысырлық өлім құдайы Анубис бейнеленгені туралы жазған болатын. Шын мәнінде, ол жеке компанияның логотипі және түтіктістінің суреті.

Фейк: «COVID-19 мобильді тестілеу пунктінің логотипінде Ежелгі Мысырдың өлім құдайы бейнеленген»

Сондай-ақ, желіде вакциналар құрамындағы люциферин компоненті жыннан шыққан және есірткіні жасаушылар жынға қызмет ететіндігін дәлелдейтін теория тараған. Бұл да жалған болып шықты. Люциферен – бұл қараңғыда жарық қоңыздарға, терең теңіз балықтары мен ұлуларға жарқырауға мүмкіндік беретін зат.

Манипуляция: «COVID-19 қарсы вакцинаның құрамында 66,6 мл сұйықтық қосылған құпия ингредиент люциферин бар»


 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button