Fake News

Фейк: «Көгілдір сәуле» жобасы сынағының видеосы Желіде тарады»

Коспирологиялық теорияларды жақтаушылар Желіде «Көгілдір сәуле» жобасының бар екендігіне жаңа «дәлел» тапты. Telegram чаттарында би билеп жатқан адамдар мен күннің шығуының голограммалары таратылуда, бұл теорияның дәлелі ретінде ұсынылып отыр. Бұл жалған.


Шын мәнінде, бұл кадрлар 2017 жылы Қытайда түсірілген. Видеода голографиялық субұрқақ бейнеленген. Жергілікті көрікті орынды бәрі де тамашалай алады. Оның құпия әскери әзірлемелерге қатысы жоқ.

Желіден бұл субұрқақтың басқа уақытта және басқа жағынан түсірілген видеосын табуға болады.
Бұл субұрқақтағы голограммалар ауада шашыраған судың кішкентай тамшыларынан пайда болады. Бұл технология бұрыннан белгілі, сондай-ақ лазерлік және жарық шоуларында қолданылады.
Оның «Көгілдір сәуле» жобасына қатысы жоқ. Оның үстіне, жобаның бар екендігі фактілермен расталмаған және қастандық теориясы болып саналады. Ол NASA қызметкерлері жерсеріктер мен лазерлердің көмегімен аспанда Мәсіхтің алып шынайы бейнесін жасайды және Жердің әр тұрғынына белгілі бір сөздер естіледі дегенге негізделген. Бұдан кейін әлемдік үкімет адамдардың ақыл-ойын өз бақылауына алып, жаңа әлемдік тәртіп құрады.
Бұған дейін «Көгілдір сәуле» жобасымен байланысты фейкті жоққа шығарған болатынбыз. Ол кезде әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары NASA құпия жабдығының көмегімен әзірленген Әулие Марияның суретін шынайы сурет деп ойлап қалған.

Фейк: «Голограммасы бар видео қастандық теориясын растайды»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button