Fake News

Каспий теңізіндегі қолтырауын туралы фейк Қазнетте тағы да тарады

Әлеуметтік желілерде адамдар Ақтауда Каспий теңізінде қолтырауын көріпті деген ақпарат таралуда. Бұл ескі фейк

 

Ақтауда Каспий теңізіндегі қолтырауын туралы жалған ақпарат 2023 жылдың сәуір айында шыққан. Көп ұзамай оны бірқатар қазақстандық БАҚ жоққа шығарды. Маңғыстау облысының Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Бұл видеожазба Каспий теңізінде емес, басқа жерде түсірілген. Қолтырауын тұщы суда тіршілік етеді. Сондай-ақ ол ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарда мекендейді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият талдағаннан кейін біз бұл ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік», – деді Ғаббас Досатов.

Каспий маңындағы елдердің бұқаралық ақпрат құралдарында Каспий теңізінде қолтырауын бар екендігі туралы ақпарат расталған жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button