Fake News
«Павлодарэнерго» АҚ Екібастұз ЖЭО-да түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
Қазнетте Екібастұз ЖЭО-да түсірілген видео таралды. Кадрларда тозған ғимарат көрсетілген: төбеден қар түсіп, қабырғаларға қалың мұз қатқан. «Павлодарэнерго» АҚ видеоға қатысты пікір білдірді.
Компанияның хабарлауынша, видеодағы ғимаратта жұмыс істейтін қазандықтар жоқ.
– Бұл 50-ші жылдардағы бірінші кезектегі бу қазандықтарының ғимараты. Ол қолданыстан шығарылған, – деп хабарлады компания өкілдері.
ЖЭО бас инженерінің орынбасары Салим Янгучин Tengrinews порталына хабарлағандай, видеода көрсетілген ғимаратта іске қосылған құбырлар бар. Жұмысшылар соларды отпен жылытып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 27-нен 28-не қараған түні Екібастұз ЖЭО-да ірі апат орын алып, қала жылусыз қалған болатын.