Конспирология

Конспирология: «Карантиндік лагерлер келіспегендерге арналған түрме ретінде пайдаланылады»

Желіде COVID-19 жұқтырғандарға арналған карантиндік лагерьлер жақын арада 5G технологиясы қоздыратын келесі пандемиямен келіспегендерге арналған лагерь-түрме ретінде қолданылады деген ақпарат таратылуда. Мұның бәрі дәлелсіз.


Бірінші кезекте 5G технологиясы мен алдағы пандемияға тоқталайық. Мәселе мынада, бұл екеуі өзара байланысты емес. 5G – бұл жаңа буындағы байланыс форматы. Ол Wi-Fi сияқты жиіліктерде жұмыс істейді, бірақ Massive MIMO және Beam Forming сияқты бірнеше жаңа технологиялар бірден қолданылады.
Технология вирустық, бактериялық және басқа ауруларды тудырмайды, демек пандемияның да себебі бола алмайды.
«Келіспегендерге арналған лагерьлерге» келетін болсақ, оларды FEMA – АҚШ-тың Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі федералды агенттігі басқарады екен.
Айта кетерлік жайт, «FEMA лагерьлері» туралы қастандық теориясы бар. Оған сәйкес, ұйым концентрациялық лагерьлер салады. Олардың мақсаты әр жолы өзгеріп отырады. Мысалы, 1980 жылдары онда АҚШ патриоттары қамалуы тиіс болған. 2011 жылы мұндай лагерьлерге ультра солшыл көзқарасты жақтаушылар «қамау» жоспарланған. COVID-19 пандемиясы басталғанда FEMA лагерьлерінде вакцинацияланбаған адамдар болады деген теория айтылды. 
Айта кетейік, Қазақстанда да осындай қауесет тарады. Пайдаланушылар «концлагерьлер» туралы 2020 және 2022 жылдары жазды. Әрине, мұның бәрі шындыққа жанаспайды.
Енді сол лагерьлерде келіспеген адамдарды ұстайтыны туралы ақпарат – ескі қастандық теориясына негізделген расталмаған қауесет. Оған сенудің қажеті жоқ, оның үстіне бұған ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button