Алаяқтар «Қазпошта» атынан хаттар жіберуде

Қазақстандықтардың электрондық поштасына «Қазпошта» атынан хаттар келіп түсуде. Онда «қоймада сәлемдеме жатыр, бірақ «мекен жай жазылмағандықтан немесе толық болмағандықтан оны жеткізу мүмкін емес» делінген. Бұл өтірік.
«Қазпошта» баспасөз қызметі өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында алаяқтар туралы ескертеді.
«Соңғы кездері қазақстандықтар «Қазпошта» атынан кездейсоқ электрондық пошта мекен жайларынан келген күмәнді SMS-хабарламалар алуда. Онда «мекен жайдағы дұрыс көрсетілмеген, сәлемдемеңіз 24 сағаттан кейін қайтарылады» деген мазмұндағы мәтіндер жазылып, күмәнді сілтемелер жіберіледі.
Бұл – алаяқтық жолен таратылған хабарламалар», – делінген «Қазмошта» хабарламасында.
ҚР ұлттық пошта байланыс операторы ешқашан мекен жайды үшінші тарап сілтемелері арқылы растауды талап етпейді.
«Мұндай хабарламаларда көрсетілген сайттар «Қазпоштаға» тиесілі емес. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және деректеріңізді енгізбеңіз. Егер осындай хабарлама алсаңыз, дереу өшіріп, ешқандай әрекет жасамаңыз», – дейді «Қазпошта» өкілдері.
Қосымша ақпарат алу үшін 1499 нөмірі бойынша «Қазпоштаның» ресми байланыс орталығына хабарласуға болады.