Жаңалықтар

Фейк: «Қазақстанда COVID-19 науқастарына арналған концлагерлер салынуда»

Әлеуметтік желілердегі хабарламалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудыруда. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, елімізде COVID+ науқастар үшін арнайы лагерьлер салына бастады. Шындығында, бұл фейк, бұл туралы хабарланған жоқ.

Бұл фейк америкалық аналогтың калькасы болар. Үстіміздегі жылдың қараша айында желіде АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының тапсырмасы бойынша коронавируспен ауыратын науқастарға арналған лагерьлер салынатындығы туралы жаңалық шыққан.
«Бұл концлагерьлердің салынуы орынды, өйткені ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сіздерді «қорғайды». Енді агенттік қауіпсіздік мақсатында «аса қауіпті» деп саналатын адамдар арасындағы байланыстарды мәжбүрлі түрде шектеуге тырысады, оларды отбасынан және жалпы «қауіптілігі төмен» популяциядан ажыратады. Қоғамдық денсаулық сақтау мандаттары қазірдің өзінде өз үйлерінде тұратын отбасыларға бағытталған және жеке үйлер мен үй-жайларда жиналуы мүмкін адамдардың санын анықтайды», – делінген хабарламада. 
Америкалық фактчекерлер бұл теорияны бірден жоққа шығарды. Олардың хабарлауынша, ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мұндай өкілеттіктерге ие емес және ешкім медициналық көмекке мұқтаж адамдарды лагерьлерде ұстамайды.
Бұған қарамастан, Қазнеттің кейбір пайдаланушылары «жаңа әлемдік тәртіп» туралы хабарламалармен белсенді түрде бөліседі, тіпті еліміздің кейбір қалаларында концлагерьлер «салынып жатыр» деп хабарлайды. Қазақстанда ондай ештеңе салынып жатқан жоқ. COVID-19 айқын белгілері бар науқастар ауруханаларға жатқызылады. Толық жазылғаннан кейін пациенттер шығарылады. Тест оң нәтиже көрсеткен, бірақ белгілері байқалмаған адамдарға үйде карантинде болу ұсынылады. 
Ауыршаңдық жағдайы күрделенген жағдайда барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсету үшін елімізде өте қысқа мерзімде бірнеше модульдік аурухана салынды.
Демек, Қазақстандағы концлагерьлер туралы мәлімдемелердің барлығы – біздің елімізге ешқандай қатысы жоқ АҚШ-тың фейк жаңалықтарына негізделген ойдан шығарылған ақпарат.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button