Конспирология

Фейк: «Ядролық қару мен радиация жоқ»

Қазнет қолданушылары ядролық қару мен радиация адамдарды қорқыту үшін ойлап табылған миф деген теориямен бөлісуде. Бұл гипотеза ғылымға қарсы. Неге екенін түсіндірейік.

Радиоактивтілікті зерттеу тарихы XIX ғасырдың аяғында басталды. Алғаш рет бұл құбылысты 1896 жылы физик Анри Беккерель ашқан. 
Осы жаңалықтан кейін бірден Пьер және Мария Кюри радиоактивті элементтерді зерттей бастады. Олар радиоактивті болып шыққан екі жаңа элементті – полоний мен радийді ашты. Бұл үшін ерлі-зайыптылар физикадан Нобель сыйлығын алды. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Мария Кюри тағы бір Нобель сыйлығын иеленді, бұл жолы химиядан. Ол оған металл радийін алып, оның химиялық элемент екендігіне дәлелдер келтіргені үшін табысталды. Алайда, Беккерель де, ерлі-зайыпты Кюри де олар ашқан радиация мен радиоактивті элементтердің ағзаға қалай әсер ететінін білмеген. Сондықтан Мария Кюри радиймен және полониймен қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген. Тұрақты сәулеленудің салдарынан ол лейкемияға шалдығып, қолы емделмейтіндей күйіп кеткен. Пьер мен Мария Кюри жазба жасаған күнделіктер әлі күнге дейін қорғасын қораптарда сақталуда, өйткені олардан әлі де болса жоғары мөлшерде радиация шығады. 
Беккерель мен ерлі-зайыпты Кюриден кейін басқа да ғалымдар радиоактивтілік тақырыбына қызығушылық танытты. Олардың ішінде теориялық физик Роберт Оппенгеймер бар, ол «ядролық бомбаның атасы» деп аталып кеткен. Оның жетекшілігімен жасалған бомба 1945 жылы 16 шілдеде АҚШ-та Нью-Мексикода жарылды.
Сол жылы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына екі ядролық бомба тасталды. Бұл тарихи факт екендігі даусыз. Мұны растайтын құжаттар мен фотосуреттер бар. Сонымен қатар атом бомбасының жарылыстары Хиросима мен Нагасакиде мыңдаған адамның өліміне себеп болғаны дәлелденді. 1945 жылдың аяғында әртүрлі бағалаулар бойынша жарылыстардан 214 мың адам көз жұмған. Кейінгі жылдары жарылыстардан аман қалғандардың көбінде лейкемия, қатерлі ісік және басқа да емделмейтін аурулар пайда болған.
Ядролық сынақтардың салдарын қазақстандықтар да сезінді. 1949-1991 жылдары ел аумағында Семей ядролық полигоны жұмыс істеп тұрды. Осы жылдар ішінде полигонда кем дегенде 468 ядролық жарылыс жасалды, олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе артық болды. Полигонға іргелес жатқан аудандар тұрғындарының денсаулығына орны толмас зиян келтірілді.
Радиация қаупінің тағы бір дәлелі – 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында болған апат. Оқиға салдарынан радиациялық инфекцияға ұшыраған аймақтарда қалқанша безінің қатерлі ісігі, лейкемия және басқа аурулар, соның ішінде балалар арасында күрт өсті.
Мұның бәрі: радиоактивтілік жаңалығының ашылуының дәлелі, атом бомбасының жасалуы, жарылыстардың құжаттық дәлелі және әлем бойынша зардап шеккен жүздеген мың адам ойдан шығарылмаған. Радиациядан зардап шеккен адамдар біреудің айтқнымен өтірік ауру болып көрінген жоқ, ал жарылыстардан немесе жедел радиациялық аурудан қайтыс болғандардың өлімі өтірік емес.
Бейбіт мақсатта қолданылатын атом энергиясы туралы ұмытпайық. Әлемде атом электр станциялары, атом мұзжарғыштары, ядролық медицина және радиоактивті изотоптардың күші күнделікті қолданылатын ғылым мен техниканың басқа салалары бар және бұл елес емес.
Демек, ядролық бомбалар мен радиация іс жүзінде бар және өте қауіпті заттар екендігіне дәлелдер көп. Оларды жоқ деп айту қисынсыз және ғылымға қарсы емес. Сонымен қатар бұл атом электр станцияларының жұмысын және, мысалы, ПЭТ-компьютерлік томография аппараттары сияқты айқын нәрселерді де жоққа шығарумен тең.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button