Шымкент тұрғындары ұшақтың конденсациялық ізін химиялық заттар шашудың нәтижесі деп ойлаған
Қазақстандықтар Шымкент аспанынан химтрейл теориясына кезекті «растау» тапқан. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті химиялық заттар шашу туралы болжамды жоққа шығарды.
Шын мәнінде, Шымкент тұрғындарының көргені – көкте ұшқан ұшақтың конденсациялық ізі.
– Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары және қаламыздың қонақтарының назарына Шымкент қаласының әуе кеңістігінде ұшақтармен, тік ұшақтармен және басқа да әуе ұшу аппараттарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмегендігін хабарлаймыз. Сонымен қатар ауада көрінетін із, қозғалатын ұшақтардың артында атмосферада пайда болатын конденсацияланған ылғалдан тұрады. Бұл құбылыс көбінесе ауаның төмен температурасында және ұшақтардың төмен биіктікте ұшуы кезінде де байқалуы мүмкін, – деп хабарлады қалалық ТЖД.
Бұған дейін біз химтрейлдер– адамзатты жою мақсатында елді мекендерге улы химикаттар шашу теориясы мүлдем дәлелденбеген және конспирологиялық екендігі туралы жазған болатынбыз.
Қарағандылықтар ұшақтың конденсациялық іздерін коронавирус шашудың белгілері деп ойлады
Дегенмен, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде аспанда у «шашудың» іздерін байқағандары туралы хабарламаларды әлі де таратуда. Олар көп жағдайда ұшақтардың немесе ерекше формадағы бұлттардың инверсиялық немесе конденсациялық іздерін химиялық заттар деп ойлап қалады.
Қарағандылықтар ұшақтың конденсациялық іздерін коронавирус шашудың белгілері деп ойлады