Fake News

Фейк: «Алматы маңындағы әскери биозертхананы белгісіз біреулер басып алды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белгісіз біреулер Алматы маңындағы әскери биозертхананы басып алғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада нысан жанында химиялық қорғаныс костюмдерін киіп алған мамандар жұмыс істеп жатыр, демек, қауіпті патогендер сыртқа ағып кеткен болар деп айтылған. Бұл жалған.

Бұл қауесетті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

– Бұл фейк. Нысан күзетілуде, – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңындағы орталық зертхана 2017 жылы салынған және оның негізгі қызметі диагностика болып табылады. Онда аса қауіпті инфекциялар ошақтары зерттеледі, дәрігерлер оқытылады және қауіпті қоздырғыштар сақталады.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіздер.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button