Fake News

Манипуляция: «Нұр-Сұлтанда аспанда ұшақ ұшып өткен соң ауа сапасы күрт нашарлады»

Қазнет пайдаланушылары Нұр-Сұлтан аспанын бақылау бойынша пікір алмасуда. Олар Flightradar және IQ AirVIsual қосымшалары ашылған экранның суреттерімен бөлісуде. Кадрларда қала үстінен жеке меншік ұшақ ұшып бара жатыр. Осы кезде ауа сапасын бағалауға арналған қосымша зиянды заттардың концентрациясының күрт өскенін көрсетеді. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл деректер химтрейлдер туралы теорияның дәлелі – ұшақтардан у шашады.

StopFake.kz ұшып бара жатқан ұшақ та, ауа сапасының күрт нашарлауы да конспирологиялық теорияны растай алмайтынын айтып береді.
Экран суретінен елорданың үстінен ұшып бара жатқан ұшақтың моделі көрініп тұр. Бұл Diamond DA42 Twin Star, дизельді отынмен жұмыс істейтін төрт орындық екі қозғалтқышты ұшақ. Ол жеке мақсаттарда және аэротакси ретінде қолданылады. Айта кетерлік жайт, әуе кемесінің өлшемі шағын – ұзындығы небәрі 8,56 м, ал биіктігі 2,49 м. Ұшақтың жүк көтергіштігі де көп емес – ол ауаға көтере алатын максималды салмақ 532 кг, оның ішіне жолаушылардың жалпы салмағы кіреді. Бортта ауадан заттар шашу функциясы жоқ.

Әлем бойынша ауадан су немесе жалынды басатын қосылыстарды шашу үшін басқа өрт сөндіру ұшақтары қолданылады. Олар барлық қажетті техникалық сипаттамаларға ие және жүк көтергіштігі жоғары. Bombardier 415, be-200, Martin Mars, қайта жабдықталған Ил-76 және Ан-32 ұшақтары осындай кемелердің танымал модельдеріне жатқызуға болады. 

Демек, қала үстінен ұшып өткен ұшақ ауаның сапасына әсер ете алмады. Бұған басқа көптеген факторлар себеп болуы мүмкін, мысалы, тұман, қарбалас сағаттағы көлік кептелісі және т.б.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button