Fake News

Маңғыстауда ұшақ қызыл сұйықтық шашқан – фейк

Желіде аспанға көтеріліп, ашық қызыл түсті сұйықтық шашқан ұшақтың видеосы  таратылуда. Кейбір қолданушылардың пайымдауынша, видео Маңғыстау облысында түсірілген. Бірақ олай емес.

Кадрлардағы ұшақ ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығының ресми өкілдері Lada.kz порталының тілшісіне мәлімдеген.

Бұл ұшаққа ұқсас әуе кемелері АҚШ-та бар. Олар McDonnel Douglas DC-10 деп аталады. Олар ірі өрттерді сөндіруге тартылады. Ұшақтардан жалынды басатын заттар тасталады – арнайы тыңайтқыштар мен су қоспасы ағашқа сіңіп, өрттің таралуын оқшаулайды. Өңделген бөліктер алыстан көрінуі үшін оған қызыл бояу әдейі қосылады.

Видео көрсетілгендей, мұндай әуе кемелері өте төмен, кейде жерден 60 метр қашықтықта ұшады.

Өрт сөндіретін ең үлкен Global SuperTanker ұшағы Boeing-747 негізінде жасалған. Видеода әуе кемесіне жанармай құю және оның жұмысы егжей-тегжейлі көрсетілген. Сондай-ақ жалынды басатын қызыл бояуды қосып жатқан сәт те түсірілген.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button