Қалалар мен елді мекендерде улы заттар шашады – фейк
Instagram пайдаланушылары Қарағанды облысының Атасу ауылында түсірілген фотосуретті талқылауда. Онда аспандағы ақ жолақтар көрінеді. Хабарлама авторы: «Бізді улап жатқан шығар?» дейді.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мұндай фотосуреттерді жиі жариялайды. Әдетте, оларда қабатты бұлттар немесе осы скриншотта көрсетілгендей ұшып өткен ұшақтардың конденсациялық іздері көрінеді. Техникалық сарапшылар, Қазгидромет мамандары, әкімдіктердің өкілдері «химтрейлдер» немесе «химиотрассалар» туралы қастандық теорияларын бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Шындығында, бұл ескі аңыз. Бұл өткен ғасырдың 60-70 жылдарында АҚШ авиациясы Попай операциясы кезінде Оңтүстік-Шығыс Азияда жаңбыр жаудырып, партизандардың су басқан алқаптардан өтуіне жол бермеу үшін күміс йодидін шашқаннан кейін тараған. «Ұшақтан у шашу» туралы аңыз осы күнге дейін бар.
Шын мәнінде, «химиотрассалардың» пайда болуына және адамдардың қасақана улануына ешқандай дәлел жоқ. Конденсациялық із ұшақ үлкен биіктікке көтерілген кезде көрінеді. Ондағы ылғалдылық шық нүктесінен төмен болады, ал температура – минус 30-дан төмен. Мұндай биіктікте қандай да болмасын заттарды шашу мүмкін емес», – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Stopfake.kz ұсынған осындай фотосуреттердің біріне берген түсініктемесінде.
Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.