Fake News

Әлеуметтік желілерде Ақтаудан «у шашып жатқан» ұшақ туралы фейк таратуда

Ақтау тұрғыны ұшақтан кейін қалған айқын қызғылт-қызғылт сары ізді видеоға түсіріп алған. Автордың айтуынша, «тікұшақтан у шашып жатыр», осыдан кейін адамдар ауырады. Бұл негізсіз мәлімдеме.

 

Маңғыстау облысының әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сулейдің айтуынша, ешқандай химиялық заттар шашылған жоқ, бұл жолаушылар ұшағынан кейін аспанда қалған із.

– Ақтау қаласының әуежайы қаланың өзінен 20 км қашықтықта орналасқан. Камера дәл сол жаққа бағытталған. Бұған қоса, видео күн батарда түсірілген, сондықтан із қызыл түсті. Бұл жолаушылар ұшағынан қалған із. Соңғы уақытта авиацияны тарта отырып, ешқандай оқу-жаттығулар өткізілген жоқ, – деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы.

Бұған дейін StopFake.kz порталы ұшақтардың конденсациялық ізі туралы жазған болатын. Бұл жерден ұзақ уақыт бойы анық көрінетін ақ жолақтар.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 What’s App номеріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button