Fake News

Қарағандылықтар ұшақтың конденсациялық іздерін коронавирус шашудың белгілері деп ойлады

Қарағанды тұрғындары Instagram-да жарияланған видеоны талқылауда. Кадрларда аспанда ұшақтардан қалған конденсациялық іздер айқын көрінеді. Кейбіреулердің пікірінше, бұл қала үстінен «коронавирус шашудың» дәлелі.


Видеода ұшақтардың іздері түсірілгенін «Қарағанды гидрометеорология орталығы» РМК растады.
– Видеода көрсетілген нәрсе бұлтқа ұқсамайды. Бұл ұшақтардың конденсациялық іздері деп ойлаймыз», – деді ведомстводағылар.
Химтрейлдер теориясы немесе ұшақтардан улы заттар шашу – 90-шы жылдары АҚШ-та пайда болған танымал қастандық теориясы. Бастапқыда ұшақтар климатқа әсер ету үшін қолданылады деп айтылды. Бірақ пандемия кезінде бұл теорияны жақтаушылар ұшақтардан улы заттар, тіпті SARS-CoV-2 вирусының өзін де шашады деп мәлімдеді. Алайда бұған ешқандай дәлел жоқ.

Конденсациялық із ұшақ үлкен биіктікке көтерілген кезде көрінеді. Ондағы ылғалдылық шық нүктесінен төмен болады, ал температура – минус 30-дан төмен. Мұндай биіктікте қандай да болмасын заттарды шашу мүмкін емес», – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Stopfake.kz ұсынған осындай фотосуреттердің біріне берген түсініктемесінде.

Көбінесе қазақстандықтар пошымы ерекше бұлттарды, ұшақтардың конденсациялық іздерін немесе тіпті ауқымды өрттерді сөндіру кезінде ұшақтан шашатын жалын басатын қоспаны химтрейлдер деп ойлайды.

COVID-19 – коронавирус тектес соңғы ашық вирустардан туындаған жұқпалы ауру. COVID-19 ауруын тудыратын вирус негізінен жөтел, түшкіру немесе тыныс алу кезінде адамның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы жұғады. Толығырақ ДДСҰ сайтынан оқи аласыздар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button