Инверсиялық із қалдырған ұшақтың видеосы Қазақстанда түсірілмеген
Қазақстандықтар мессенджерлерде тағы да химтрейлдің «дәлелдемелерін» таратуда. Бұл жолы «у шашудың» айғағы ретінде Солтүстік Қазақстан облысында көкке көтерілген ұшақтың видеосы ұсынылып отыр.
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланған. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус нольден төмен боғлан.
Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір күйінде қозғалатын ұшу аппараттарынан кейін атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдарынан пайда болады.
– Бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында жиі, тропопауза мен стратосферада өте сирек байқалады. Ауа температурасы төмен болғанда шағын биіктіктердеде байқалуы мүмкін, – делінген Википедияда.
Бұл пайдаланушылар ұшақтардың конденсациялық іздерін химтрейлдердің дәлелі деп айтып отырған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін StopFake.kz қабатты түйдек бұлттар мен құбырлы бұлттар ауада улы заттар шашудың іздері деген болжамдарды жоққа шығарған болатын.