Конспирология

Конспирология: «COVID-19 өзгеғаламшарлықтарға ғана жұғады»

Интернетте COVID-19 ауруының кімге жұғатыны туралы ерекше теория айтылды. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, одан тек өзгеғаламшарлықтар ғана өледі, ал адамдар симптомсыз ауырады. Бұл теорияны талдап, оның қайдан шыққан түсіндірейік.

Таратылған ақпаратқа рептилойдтар мен COVID-19 туралы журналдағы мақаланың суреті тіркелген. Жерге қонған өзгеғаламшарлықтар басқа нәсілді жою ниетімен қауіпті вирусты әдейі таратқан екен. Бұл жазба Желіде 2020 жылы тараған. Мақаладағы кейбір фотосуреттер толық көрінеді. Мәтінде 1953 жылдың қаңтарынан 1961 жылдың қаңтарына дейін АҚШ президенті болған Дуайт Эйзенхауэр туралы айтылады. Танымал қастандық теориясына сәйкес, ол өзгеғаламшарлықтармен үш рет кездесіп, келісім жасасқан, оның аясында өзгеғаламшарлықтар адамдарды ұрлап, тәжірибелер жүргізуге құқылы болған, ал мұның орнына олар АҚШ-пен озық технологиялармен бөліскен. Әрине, бұл теория дәлелсіз. Дегенмен, ол поп мәдениетте өте танымал және АҚШ тұрғындары үшін аңызға айналды.
Шын мәнінде, адамдарда Ғаламда Жерден басқа тіршілік ететін орындардың, Жерге ұдайы келіп тұратын дамыған өркениеттердің бар екеніне дәлелдер жоқ. 1984 жылы өзге өркениеттерді іздеумен айналысқан SETI жобасы әлі де болса бұған сөзсіз айғақтар таппай отыр.
Жалпы өзгеғаламшарлықтардың әртүрлі нәсілдері және рептилоидтар туралы теориялар –конспирология және ойдан шығарылған. Демек, таратылған ақпарат дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button