Конспирология

Фейк: «Қытай ғалымдары бірнеше сағат ішінде тірі ағза жасай алады»

Қазнетте Қытай ғалымдары кез келген тірі ағзаны бірнеше сағат ішінде синтездейді және оны жаппай қырып-жою қаруы ретінде қолдана алады деп жазуда. Бұл жалған.

Хабарламаға сахнадағы ер адам қытай тілінде әріптестерімен бірге вирусты, бактерияны және ашытқыны синтездей алғаны туралы айтқан видео тіркелген. Осыған орай Казнет қолданушылары Аспан асты елінің ғалымдары қолдан қару ретінде қолдануға болатын патоген жасай алады деген қорытынды жасады.

Шын мәнінде, ролик кейіпкері басқаны меңзеген.

Видеодағы ер адам – Ван Цзянь, BGI жетекші геномдық компанияның президенті. Кадрлар ол 2017 жылғы Шэньчжэнь кәсіпкерлер конференциясында сөз сөйлеген кезде түсірілген. 

Ван Цзянь оның компаниясы вирусты, бактерияны және саңырауқұлақтарды синтездей алғанын айтады, бірақ оларды қару ретінде пайдалану үшін емес, геномның құрылымын түсіну және генетикалық ауруларды емдеу үшін. BGI компаниясының басты басымдығы – бұл әртүрлі диагностика түрлері, соның ішінде перинаталдық, яғни бала туғанға дейін генетикалық аурулардың барын анықтауға мүмкіндік береді.

Компания сайтында ұйымның ғылыми қызметіне арналған бөлім бар. Онда ұйымның нақты не істейтіні туралы толық ақпарат ұсынылған. Мысалы, қызметкерлер жібек құртының, алып панданың және басқа да сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың геномын сақтау, сондай-ақ оларды теориялық тұрғыдан қайта құру үшін ашқан жоба туралы айтылған. Компания қызметкерлері Янхуан жобасы аясында адам геномын зерттейді. Бұл жұмыс Қытай мен Азиядағы генетикалық зерттеулерді жетілдіру мақсатында қолға алынған.

Демек, біріншіден, қытайлық ғалымдар бірнеше сағат ішінде тірі ағзаны жасай алады, екіншіден, бұл тірі ағзалар қару ретінде пайдаланылады дегенге сенуге ешқандай негіз жоқ. Таралған хабарлама – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button