Fake News

Фейк: «Концерттерде NASA-ның құпия жобасының мүмкіндіктері көрсетіледі»

Қазнет пайдаланушылары Blue Beam (Көгілдір сәуле) деп аталатын NASA-ның аса құпия жобасының бар екендігіне жаңа «дәлелдер» анықтауда. Бұл жолы оның растауы ретінде швед музыканты Эрик Придздің концертінің жазбасы ұсынылып отыр.

Эрик Придз – Швециядан шыққан, АҚШ-та тұратын диджей, музыкант және продюсер.
Ол өзінің таңғажайып концерттерімен танымал, шара барысында ол командасымен бірге керемет арнайы эффектілер жасау үшін заманауи техниканы қолданады. Осындай концерттердің бірі әлеуметтік желілерде талқылаға салынды.

Диджей бұл концертті 2017 жылы қойған. Ол кезде көрермендердің үстінен орбиталық спутниктердің, ғарышкерлер, адамдардың және т.б. шынайы голографиялық суреттері пайда болды.
Алайда музыкант NASA-ның құпия технологияларын қолданбаған. Концерт барысында арнайы әсерлер үшін Realtime Environment Systems компаниясы жауапты болды. Оны басқарушы Дэйв Грин Wired порталына мұндай шынайы голограммаларды қалай жасағаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оның айтуынша, V-тәрізді экрандар орнатылған сахнаның алдынан жұқа тор мата тартылған. Оған суретті лазерлік қозғалтқыштардың көмегімен жұмыс істейтін төрт проектор түсіреді. Олардың әрқайсысының қуаты 30 000 люмен. Қараңғыда тор мата көрінбейді, ал оған түскен сурет кеңістікте пайда боғландай болып көрінеді. Техникалық тұрғыдан мұндай арнайы эффектілер голограммалар емес, голографиялық иллюзиялар болып саналады.
Бұл технология Blue Beam жобасы туралы айтқанда қастандық теориясын жақтаушылар сипаттағаннан түбегейлі ерекшеленетіні анық. Олардың айтуынша, бұл жоба әлем бойынша үлкен голографиялық проекторлар орнатуды қамтиды, олар бір уақытта іске қосылып, аспанда Мессияның бейнесін қалыптастырады. Сонымен қатар, адамдар іс-әрекетке үндеуді естиді, ал дыбыс әр тыңдаушының басында болады. Айта кетейік, Blue Beam жобасы – бұл ешқандай негізі жоқ қастандық теориясы. Бұған дейін кейбір Желі қолданушылары осы жобаның бар екендігінің дәлелі ретінде жарнама, лазерлік шоулар мен табиғи құбылыстарды келтірген.

Сондай-ақ, Желіде Blue Beam технологиясының растауы ретінде ұсынылған редакторларда монтаждалған видеоларды көруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button