Fake News

Манипуляция: «АҚШ-та бетперде өндіруге және тағуға тыйым салынды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде қазір АҚШ-та Солтүстік Дакотада қаралып жатқан заң жобасын талқылауда. Пайдаланушылардың сөзінше, заң жобасы штат аумағында бетперде тағуға немесе өндіруге тыйым салады. Шындығында, онда мұндай тұжырымдар жоқ.


Солтүстік Дакота штатында Өкілдер Палатасы маска тағуға қатысты заң жобасын ұсынғаны рас. Алайда, оларға тыйым салу туралы сөз болған жоқ. Өкілдер штатта 2020 жылғы қараша айында енгізілген міндетті түрде маска тағу режиміне қарсы шықты. Атап айтқанда, заң жобасында бизнес нысандарының иелері мен жергілікті биліктің тұрғындардан бетперде тағуды талап етуге құқығы болмайтын норма қарастырылған. Осылайша, Солтүстік Дакотада маска тағу режимі тек ерікті сипатқа ие болуы мүмкін. Штат аумағында жеке қорғаныс құралдарын өндіруге тыйым салынатыны туралы еш жерде хабарланған жоқ.
Дегенмен, заң жобасына қарсы шыққандар арасында мемлекеттік билік өкілдері мен қарапайым тұрғындар да бар. Кейбір бизнес иелерінің пікірінше, міндетті түрде маска тағу режимін алып тастау штат тұрғындарының қауіпсіздігін айтарлықтай төмендетеді.
Қазіргі кезде заң жобасы Сенаттың қарауына ұсынылды. Ол әлі қабылданған жоқ.
Ауа тамшыларымен берілетін ауруларды жұқтырудың алдын алу үшін маска тағу тиімді екендігі дәлелденген. Бұл тақырыпта жүргізілген зерттеулер көп, олар маска тағу инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендететінін көрсетті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button