Fake News

Алаяқтар қымбат смартфон береміз деп қауіпті сайттарға еліктіруде

Интернет-алаяқтар қазақстандықтарды тағы да алдауда. Бұл жолы фишингтік сайтқа апаратын сілтемені басқан үшін олар Samsung S21 смартфонын тарту етеміз деп уәде етуде.


Сауалнамадан өткен үшін берілетін қымбат сыйлықтар интернет-алаяқтықтың бұрыннан қалыптасқан схемасы. Әдетте зиянкестер фишингтік сайт ашады. Мұндай порталдарда қажетті қорғаныс болмайды және пайдаланушылар сауалнама жолдарына енгізген барлық деректер алаяқтарға көрініп тұрады. Осылайша, олар жеке аккаунттардың парольдері мен логиндерін иемденеді, төлем деректері мен басқа да жеке ақпаратқа қол жеткізе алады.
Үздік смартфон тарту етуге уәде беретін сайттың фишингтік екендігін қауіпсіз қосылыстың болмауынан және «қатысушылардың» тіркелмеген аккаунттардан жағымды пікірлер жазуынан байқауға болады. Сонымен қатар, минималистік дизайн мен орфографиялық қателер де порталдың тез пайда табу үшін ғана әзірленгенінің белгісі.
Бұған дейін біз алаяқтықтың ұқсас схемалары жайлы жазған болатынбыз. Кейбір жағдайларда зиянкестер танымал брендтердің, банктердің және медиа тұлғалардың атынан сыйлықтар ұсынған.

Фишинг дегеніміз не және интернет-алаяқтардың құрбаны болмау туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button