Fake News

Фейк: «Трэвис Скотттың концертінде орын алған жағдай 5G желілерін қосудан болған»

Қазнет қолданушылары жақында өткен рэпер Трэвис Скотттың концертінде орын алған оқиға салдарынан бірнеше адамның қайтыс болуына қатысты ерекше теорияларды алға тартып отыр. Қастандық теориясын жақтаушылар шара барысында 5G технологиясының көмегімен вакцинацияланған адамдардың ақыл-ойын бақылау бойынша «сынақ» жүргізілген деп санайды. Бұл жалған.

Америкалық рэпер Трэвис Скотт Хьюстонда биыл 5 қарашада өтуі тиіс болған Astroworld фестивалінің хедлайнері. Музыкант әнін бастағаннан кейін бірден залда адамдардың сығылысып қалуы салдарынан тоғыз адам, оның ішінде екі жасөспірім қайтыс болды.

Оқиғаның ресми себептері әлі жарияланбағанына және тергеудің жалғасып жатқанына қарамастан, қастандық теорияларын жақтаушылар өз болжамдарын айтуда. Олардың пікірінше, шараға тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар ғана жіберілгендіктен, ондағы жағдайлар белгілі бір «сынақтар» өткізуге өте қолайлы болды. Көрермендерді 5G желілері мен музыкалық жабдықтар күйге келтірілген арнайы жиіліктердің көмегімен бақылауға тырысқан. Желі қолданушылары жазғандай, сигналды вакциналармен бірге енгізілген графен оксиді мен наночиптер қабылдаған.
Бұл мүлдем ғылымға қарсы және ешқандай дәлелі жоқ. COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамына наночиптер, графен оксиді немесе өзге де құпия заттар мен құрылғылар кірмейді.
КВИ қарсы вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Graphene-Info.com порталының негізін қалаушы және бас директоры Рон Мертенс графен оксидін вакциналарға қосу теориясын жоққа шығарды.
– Графен оксиді магниттік және өткізгіш материал емес, сондықтан оны адамдар өз теорияларында айтқандай қолдануға болмайды, – деді ол PolitiFact басылымына.
Бұған дейін біз COVID-19 қарсы вакциналардағы графен оксидінің болуы мүмкін еместігі туралы жазған болатынбыз.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар 99.99% графен оксидінен тұрады»

5G толқындары вакцинацияланған адамдардың санасы мен денсаулығына қандай да бір әсер етуі мүмкін деген теориялар да жалған және бірнеше рет теріске шығарылды.

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарды радиотолқындардың көмегімен кез келген нәрсеге айналдыруға болады»

Демек, Трэвис Скотттың концертінде болған жағдай COVID-19 қарсы вакцинациялаумен, графен оксидімен немесе 5G толқындарымен байланысты екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button