Fake News

Фейк: «Испан тұмауы пандемиясы Билл Гейтстің әкесінің кінәсінен басталды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде испан тұмауы пандемиясы вирустан емес, сарбаздарды вакцинациялаған Билл Гейтстің әкесінің кінәсінен басталғаны туралы жазуда. Егу салдарынан бактериялық инфекция дамып, бүкіл әлемге таралған екен. Бұл өтірік.


Билл Гейтстің әкесінің испан тұмауы пандемиясына себеп болуы екіталай. Бұл аурудың алғашқы жағдайы 1918 жылы тіркелген, ал Microsoft-тың негізін қалаушының әкесі, үлкен Билл Гейтс 1925 жылы ғана дүниеге келген.
Ол дәрігер болған емес және вакцинация науқандарын өткізбеген. Вашингтон университетін бітіріп, өмір бойы адвокат болып жұмыс істеген. 
Испан тұмауы пандемиясының вирустан туындағаны ғылыми дәлелденген. 2005 жылы ғалымдар 1918 жылғы пандемияға себеп болған H1N1 штаммын қалпына келтірді. 
Оның жаппай вакцинация салдарынан туындағаны туралы идеялар Желіде кеңінен тараған. Алайда, олардың барлығы тексеру барысында расталмады. Біз бұл туралы жазған болатынбыз.

Билл Гейтстің ата-бабаларының испан тұмауы пандемиясына қатысы бар екендігі туралы пікір конспирологиялық болып табылады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға дәрі-дәрмек жеткізген Рокфеллер институтында Фредерик Л. Гейтс есімді дәрігердің жұмыс істегені белгілі. Алайда ол Билл Гейтстің туысы емес. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

Фейк: «Гейтс пен Рокфеллердің ата-бабалары бұрын жаппай вакцинация жүргізген»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button