Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарды радиотолқындардың көмегімен кез келген нәрсеге айналдыруға болады»

Telegram арналарының қатысушылары ерекше теорияны алға тартты. Хабарламада COVID-19-ға қарсы егілген адамдарды радиожиілік арқылы кез келген нәрсеге айналдыруға болады деп айтылған. Бұл ғылымға қарсы.


Пайдаланушылар қастандық теорияларының неміс жақтаушысы Харальд Кауц Велла егілген адамды «кез келген нәрсеге» айналдыру туралы теориямен бөліскен бейнені таратуда.
Ол адамдарды басқаратын жын-перілердің белгілі бір технологияларына қатысты мәлімдемелерімен танымал. Сондай-ақ, Харальд Кауц Велла SmartDust технологиясы мен моргеллондар арқылы сананы басқару, химтрейлдер теориясы, иллюминаттар туралы бірнеше кітаптың авторы. 
Вакциналардың зияны туралы бейнероликтің өзі әртүрлі бейне сұхбаттар мен фотосуреттерден тұрады. Онда жасанды ДНҚ құру және адам геномын ашу туралы ғылыми зерттеулер көрсетілген. Атап айтқанда, видеода адам геномын ашуға үлкен үлес қосқан ғалым Крейг Вентер туралы айтылады. Алайда, ғалымның COVID-19-ға қарсы вакциналар әзірлеуге ешқандай қатысы жоқ. 
Видеода аталған екінші зерттеу Microsoft Research басқаратын ғалымдар тобына тиесілі. Ол 2019 жылдың наурыз айында өткізілген және синтетикалық хаттама протожасушалар популяцияларындағы ДНҚ негізіндегі байланыстарға қатысты. Оның COVID-19 қарсы вакциналарға да ешқандай қатысы жоқ.
Сонымен қатар, бұл ауруға қарсы вакциналарда радиотолқындарымен әрекеттесетін, радиосигналдар шығаратын немесе қабылдайтын компоненттер мүлдем жоқ.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Радиотолқындардың көмегімен вакцинацияланған адаммен «кез келген нәрсені» жасауға болатыны туралы теория ғылымға қарсы және бұған ешқандай дәлел жоқ. Иондаушы сәулеленудің кейбір түрлері адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, бірақ олар оны басқа тіршілік иесіне айналдыра алмайды немесе ақыл-ойды бағындыра алмайды.
Демек, COVID-19 қарсы егілген адамдар радиотолқындардың әсерінен «кез келген нәрсеге» айналуы мүмкін деген тұжырым негізсіз және ғылыми фактілерге қайшы келеді. Вакциналардың құрамында радиосигналдар шығаруға немесе қабылдауға қабілетті компоненттер жоқ. Препараттар адамның ДНҚ-н өзгерте алмайды. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк:«Спутник-V» адамдарды генетикалық модификациялайды»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button