Fake News
Алаяқтар коммуналдық қызметтердің төлем квитанцияларын қолдан жасайды
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Зиянкестер коммуналдық қызметтердің төлем квитанцияларын қолдан жасап, төлем жасау үшін өз деректемелерін көрсетеді. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.
– Жалған квитанциялар шығару жағдайлары анықталды. Егер олар бойынша төлем жасасаңыз ақша алаяқтардың қалтасына түседі. Квитанциядағы деректемелерді (төлем номерлерін) сіз бұған дейін төлем жасап келгендермен сәйкес болуы керек», – делінген ведомство хабарламасында.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мамандар әрдайым квитанциялардағы деректемелерді тексеріп отыруға кеңес береді. Егер олар сәйкес келмесе, онда сіз көрсетеліген қызметі үшін төлем жасағалы тұрған ұйымға қоңырау шалып, соңғы уақытта төлем жасау номерлерінің өзгергенін нақтылауыңыз керек.