Fake News

Фейк: «Желіде COVID-19 қарсы вакциналар құрамында графен оксидінің бар екенін дәлелдейтін патент табылды»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында графен оксиді бар деген теорияның тағы бір «растауы» таратылуда. Бұл жолы дәлел ретінде құрамында осы зат бар препараттың патенті ұсынылып отыр. Алайда, оның қазіргі кезде қолданылып жатқан вакциналарға ешқандай қатысы жоқ.


Бұған дейін Қазнетте Pfizer/BioNTech және Moderna өндірген COVID-19-ға қарсы вакциналардың 99,99% – ы графен оксидінен тұрады деген жалған ақпарат тараған болатын. Хабарлама мәтінінде бұл зат өте қауіпті және денсаулыққа көп зиян келтіретіні айтылған. Бұл неге шындыққа жанаспайтынын жазған болатынбыз.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар 99.99% графен оксидінен тұрады»

Дегенмен, конспирологияны жақтаушылар өз теорияларын дәлелдеуді жалғастыруда, олар тасымалдаушы ретінде графен оксиді бар нано-коронавирустық рекомбинантты вакцинаның CN112220919A патентіне сүйенеді. Патенттің өткен жылдың қыркүйегінде Шанхай ұлттық нанотехнология инженерлік зерттеу орталығы ұсынған. Бүгінгі таңда патент мақұлдауды күту сатысында.
Оның мәтінінде инновациялық вакцина жасау кезінде графен оксиді қолданылатыны рас делінген. Оның көмегімен препараттың белсенді ингредиенті ағза жасушаларына тез және дәл жеткізіледі. Әзірге технология тышқандарда ғана сыналды және жақсы нәтиже көрсетті. Адамдарда препарат сыналған жоқ.
ДДСҰ сайтында жарияланған COVID-19-ға қарсы кандидат-вакциналардың тізімінде Шанхай ұлттық нанотехнология инженерлік зерттеу орталығының препараты клиникаға дейінгі сынақтардан өтетін вакциналар тізімінде де, клиникалық сатыдан өтетіндердің қатарында да жоқ.
Бүгінгі күні қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді жоқ.
Олардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Дәрі-дәрмекте графен оксидін қолдану одан әрі зерттеуді қажет ететін салыстырмалы түрде жаңа шешім болып табылады. Алайда, қазірдің өзінде ғалымдар вакциналар мен дәрі-дәрмекті жасау үшін пайдаланған кезде заттың ағзаға теріс әсерінен арылудың жолын тапты. Графен оксиді дәрі-дәрмекті жасушаларға мақсатты жеткізу құралы ретінде қолданылады. Ол тромбоз бен қатерлі ісіктерді емдеуге арналған кейбір заманауи препараттарға қосылған.
Қорыта айтқанда, COVID-19-ға қарсы заманауи вакцина патентінің бұрын қолданылған препараттарға қатысы жоқ және олардың құрамында графен оксидінің бар екендігін дәлелдемейді. Патентте сипатталған технология адамдарға әлі қолданылған жоқ. Қазіргі КВИ вакциналарында графен оксиді жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button