Fake News

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті адамдарды жаппай улап жатқаны туралы мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді

Қазақстандық кәсіпкер Нариман Дараев әлеуметтік желілерде жариялаған постта айналадағылардың бәрі ауырып жатқанын айтады – балабақшаларда, мектептерде, жұмыста. Оның пікірінше, бұған адамдарды белгісіз затпен улау себеп. Бәрінің де симптомдары ұқсас. Ауру мұрынның бітелуінен басталады екен, адамдарға бронхит және пневмония диагнозы қойылады.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде тараған «адамдарды улап жатыр, олар пневмония мен бронхитке шалдығуда» деген ақпарат ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк деп танылды.

Тұмау және ЖРВИ таралу жағдайы бақылауда. Жалпы, елімізде ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері (2024 жылғы 1 қазан) ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеген. Тұмау жұқтырудың 400-ге жуық жағдайы зертханада расталған. Республикада 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы егілді.

Эпидемиялық маусымда вирустық инфекциялар белсенді түрде таралады. Әсіресе, балалар арасында: балабақшаларда, мектептерде. Ата-аналар ауырғанына қарамастан, баланы мекемелерге жібереді, бұдан вирустың таралуы артады. Медициналық көмекке кеш жүгіну аурудың асқынуына әкеп соғады.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті халықты аурудың алдын алу шараларын сақтауға: қоғамдық орындарға бармауға, гигиена ережелерін сақтауға, үй-жайларды желдетуге шақырады, сондай-ақ өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына мұқият болыңыздар. Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну керек», – делінген ҚР КСЭК хабарламасында.

Ведомство жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button