Фейк: «Желіде 5G толқынының графен оксидіне әсерінің видеосы тарады»
Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде ерекше бейнероликпен бөлісуде. Онда «5G толқындарының әсеріне түскен графен» деп жазылған. Белгілі бір сұйықтықтағы зат қозғалып, ағаш бұтақтарына ұқсайтын ерекше пішіндер қалыптастырады. Шын мәнінде, бұл жұмбақ бейнені жай түсіндіруге болады.
Видеоны Stanford Complexity Group тобы 2015 жылы түсірген. Кадрларда графен оксиді емес, кастор майы құйылған петри ыдысына салынған жай металл шарлар көрсетілген. Ыдыстың жиегінде электр тогы, кернеуі 20 киловольт болатын металл сақина бар. Оның әсерінен металл шарлар қозғала бастайды және бір-біріне тартылып, ғажайып пішіндер қалыптастырады.
Демек, видеода көрсетілген зат графен оксиді емес.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бұған дейін де бейнеге түсірілген бөгде заттарды графин оксиді деп клген. Мәселен, олар металл ұнтақтарын және балалар ойыншығын инновациялық зат деп ойлаған.
Графен оксидіне деген қызығушылық кейбір желі пайдаланушылары бұл зат КВИ қарсы вакциналарда болады деп санайтындықтан туындап отыр. Бұл жалған. Ол туралы біз жазған болатынбыз.
Фейк: «Pfizer-дің бұрынғы қызметкері вакциналарда графен оксиді бар екенін растады»