Фейк: «Желіде вакциналар құрамындағы графен видеосы тарады»
Қазақстандықтар танымал Telegram-чаттардың бірінде магнитке тартылатын ерекше қара субстанция түсірілген видеоны талқылауда. Видеоны жариялаған чат мүшесінің айтуынша, бұл жаңа нанозат – вакциналар құрамында болатын және ішкі органдарды зақымдайтын графен оксиді. Бұл олай емес.
L’Oxyde de graphène #nano #ARNm #Vaccin #mindcontrol #NWO pic.twitter.com/Dzzjk83pe4
— NakMuay (@Pikoglc) July 21, 2021
Шын мәнінде, видеода балалар ойыншығы – магниттік жалақ көрсетілген. Оны үйде де жасауға болады. Дайындау жөніндегі нұсқауларды Желіден оңай табуға болады.
Мұндай слаймның құпиясы – оны дайындау кезінде оған магнит ұнтақтары қосылады. Осының арқасында дайын слайм магнитке тартылады.
Мұндай слаймның құрамында графен де, оның оксидтері де жоқ. Сонымен қатар, бұл компоненттер COVID-19 қарсы вакциналар құрамына кірмейді.
Екпелердің құрамымен мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.
Вакциналар құрамында графен оксидінің болуы – бүгінде кеңінен таралып отырған қастандық теориясы. Бұл расталмаған.
Сонымен қатар, Желі пайдаланушылары көбінесе графен деп оған қатысы жоқ заттар мен субстанцияларды көрсетеді.
Қорыта айтқанда, видеода вакциналардың құпия ингредиенті графеннің магнитпен өзара әрекеттесуі емес, үйде оңай жасалатын қарапайым балалар ойыншығы көрсетілген.